сSaginov Technical University ғалымдары Макао ғылым және технология университетіндегі қытайлық әріптестерімен бірлескен зерттеулер жүргізді


Saginov Technical University зерттеу тобы Қытайдың Макао ғылым және технологиялар университетінде (MUST) болып қайтты. «Цифрлық технологиялардың көмегімен Қазақстанда инженерлер үшін тілдерді ғылыми және кәсіби оқыту деңгейін арттыру» жобасы аясында халықаралық білім колледжінің ғалымдары-профессорлар Шусян Ю және Лей Пу Ченгпен бірлескен зерттеулер жүргізілді.

Бірлескен жемісті жұмыс барысында STEM инженерлерін шет тілінде оқыту мәселелері және цифрлық технологиялардың рөлі, соның ішінде жасанды интеллекттің артықшылықтары мен сын-қатерлері талқыланды. Сондай-ақ, тілдер бойынша профессорлармен және педагогтармен кездесу барысында біздің университеттер арасындағы ынтымақтастық, Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың студенттеріне қытай тілін оқыту жөнінен студенттердің тағылымдамасы, бір семестрге оқытушылар құрамымен алмасу және бірлескен зерттеу жобаларын дамыту мәселелері қаралды.

Профессор Дамира Жантасова мен кіші зерттеуші Даниэль Дамиев Азиядағы жоғары білім беруді дамытуға және Гонконгта Азия білім беру орталығын құруға арналған Times Higher Education Азия университеттерінің саммитіне (2025 жылғы 22-24 сәуір) белсене қатысты. Саммитте университет басшылары жоғары білімнің өзекті мәселелерін көтерді. Соның ішінде, университет зерттеушілеріне арналған стратегиялық коммуникация, технологияға тәуелділіктің төмендеуіндегі цифрлық педагогика, Atlas Diversity, қауымдастыққа негізделген зерттеулерді ескере отырып, жоғары білікті зерттеулерді қамтамасыз ету тәсілі ретінде зерттеушілердің халықаралық сан-салалы жұмыстары, ЖИ-мен қатар өмір сүрудегі креативтілікті дамыту және ЖИ-ні қолданудағы адамзаттың маңызды рөлі. Индустрия қатысатын білімге және университеттер кірісінің өсуіне ерекше назар аударылды.

Азиялық университеттер көрмесінде СТУ командасы мектеп түлектері мен студенттер арасында біздің университетті алға бастыру бойынша акция өткізді. Ықтимал студенттер Қазақстанда оқуға өте қызығушылық танытты.

Макао ғылым және технологиялар университетінде болу жобаның нәтижелеріне және СТУ зерттеушілерінің кәсіби дамуына айтарлықтай әсер қалдырды деуге болады.

Без рубрики