Темпус-IV (ЕС): QUEECA


Инженерлік педагогика орталығы 2012 жылдан бастап Темпус-IV (ЕО) Жобасына QUEECA — Quality of Engineering Education in Central Asia (Орталық Азияда Инженерлік Білім берудің сапасы) тақырыбымен қатысады.

Жобаның үйлестірушісі: University of Florence (Италия).

Евроодақтың атынан бірлестік мүшелері болып Италия, Великобритания, Германия, Бельгия (ENAEE, SEFI), Орталық Азия елдерінен: Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан табылады.

Жоба бойынша қаржыландырудың көлемі 1 228 659,60 €.

Жобаның басты мақсаты: Орталық Азияда инженерлік бағдарламаларды түпкілікті аккредитациялауда инженер-лік білім беру сапасын қамтамасыздандыру жүйесін құру және енгізуді бастау. Бұл жүйе еуропалық негізгі стандарттарға сүйене отырып (EUR-ACE), еуропалық жоғарғы білім берудің тәжірибесінде (ENAEE — Инженерлік білім берудің Еуропалық желісі арқылы) және Қазақстанда осыған бар күш-жігерін салуда (KazSEE – Инженерлік білім берудің Қазақстандық қоғамы) артықшылықтарға ие болады.

Жобаның негізі мақсаттары:

  1. Инженерлік білім берудің Еуропалық қоғамымен (SEFI) және Инженерлік білім берудің Халықаралық федерация қоғамымен (IFEES) серіктестікте болу үшін Инженерлік білім беру (Қазақстанда – KazSEE күшейту) және Орталық Азияда EES Жергілікті федерациясымен қоғамдастықтар құру.
  2. Техникалық аккредитацияны жүргізе алатын елде ұлттық техникалық аккредитациялау орталықтарын құру.
  3. Еуропалық EUR-ACE стандарттары мен соған сай рәсімдердің Орталық Азияға бейімделуі.
  4. CAEAS бірінші жобаларын сынамалауда біршама «тәжірибелік аккредитациялау» жүргізу.
  5. Орыс және ағылшын тілдерінде Орталық Азиядағы техникалық аккредитациялаудың Стандарттарын тұжырымдау.
  6. Орталық Азияда инженерлік бағдарламалардың бірінші (шынайы) сынамалық аккредитациясын жүргізу.
  7. Жобаға қатысып жатқан университет қызметкерлеріне қысқартылған ағылшын тілін үйрететін қарқынды бағдарламаларды жүргізу.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті TEMPUS project QUEECA — Quality of Engineering Education in Central Asia шеңберінде оқу сапасы мен кадрлық потенциалды құрайтындарға екпін жасап, айқындалған міндеттерді шешеді.

Оқу сапасын көтеру оқытушылардың еуропалық стандарттарға сай және жұмыс берушілердің талаптарына сай нақты-техникалық бағдарламалардың аккредитациясын орталық-азиялық стандарттарды әэірлеу арқылы жүзеге асады: QUEECA Standards and Guidelines (‘QUEECA Model’) for the internal quality assurance of study programmes in engineering, және де оқу үрдісінің материалдық-техникалық жабдықталуын жақсарту есебінен (web-семинарларын өткізу үшін жабдықтарды алу).

Кадрлық күш-қуаттың кәсіпқойлық деңгейін көтеру оқытушыларды ағылшын тіліне үйрететін инженерлік және интенсивті бағдарламаларына ұлттық эксперттерді дайындау бойынша оқыту семинарларына қатыстыру арқылы жүзеге асады.

TEMPUS-QUEECA жобасының шеңберіндегі ғылым және білім аясындағы ҚарМТУ халықаралық ынтымақтастығы кәсіби оқу орындарының халықаралық интеграциясының дамуына, әр елдегі субъектілер арасындағы тең құқықтық және өзара тиімді серіктестіктің қалыптасуының және жоо күш-қуатының дамуының тиімді құралы болып табылып, инженерлік білім беру жүйесіндегі оқыту бағдарламаларының жоғары деңгейде іске асуын, түпкілікті компетенттік және бәсекелес мамандардың шығарылуын қамтамасыз етеді.

TEMPUS QUEECA_

Без рубрики