тарихы


Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасы


1989 жылы «Мемлекеттік тіл туралы» заңды қабылдаумен байланысты орыс және шетел тілдері кафедрасының базасында орыс топтарында мемлекеттік тілді оқыту бойынша факультатив құрылды. Сол уақытта  институттың барлық студенттеріне сабақты үш оқытушы жүргізді. Олар: Ш.А. Жетпісбай, Қ.Қ. Қоянбаева, М.А.Хасен. 1990 жылы қарашада “Қазақ тілі” кафедрасы негізін қаланып, оны филология ғылымдарының кандидаты, доцент, жазушы —  Ә.М. Әзиев басқарды. Казақстан жазушылар одағының мүшесі. (1927-1993). Ол қазақ халқының ұлттық сипаты туралы, отаншылдық туралы, халықтар достығы туралы көп жазды. Әзиев шығармашылығының басты тақырыбы – Орталық Қазақстанның көмір және түсті металлургиясы болды.

Әзиев Ә.М. ф.ғ.к, доцент

(1990-1993 жж.)

1993 жылдан бастап 1996 жылға дейін кафедраны аға оқытушы М.А. Хасен басқарды. Ол Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың филология факультетінің түлегі.

Хасенов М.А.

Аға оқытушы

(1993-1996 жж.)

1996 жылдан 1997 жылға дейін кафедра меңгерушісі  Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты З.Т. Жұмағалиев болды (қазіргі уақытта филол. ғыл.докторы., профессор).

Жумагалиев З.Т.

к.ф.н., доцент

(1996-1997 гг.)

1997 жылы қыркүйекте кафедра меңгерушісі лауазымына аға оқытушы Г.М. Нұрғожина болып тағайындалды. Г.М. Нұрғожинаның басқаруымен қазақ тілі кафедрасы “Қазақ тілі және мәдениеті” кафедрасы болып қайта құрылды. Сонымен қатар жаңа мәртебеге сәйкес «Қазақ тілінің практикалық курсы», «Ұлттық тағамдар», «Ұлттық мәдениет», «Ұлттық ойындар», «Ұлттық музыкалық аспаптар», «Қазақ халық ауыз әдебиеті», «Ұлттық қол өнері», «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», «Ұлттық киімдер», «Мемлекеттік тілде іс жүргізу» кабинеттері ашылды. Олардың әр қайсысында Қазақстан Республикасының рәміздеріне арналған, қазақ халқының салт-дәстүрін бейнелейтін стендтер безендірілді.

Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының ұжымы  Қазақстан Республикасының 10-жылдығын атап өту қарсаңында кафедраның жанынан этнографиялық мұражай ашылды. Мұражайда Қазақстанда тұратын халықтардың мәдени байлықтары мен мұралары ұсынылған. Мұражай ҚарМТУ-дың көп ұлттық студенттік ортасын біріктіретін мәдени ошағы болып табылады. Мұражайдың ұраны «Тілді мәдениет арқылы таны».

Нургужина  Г.М.

ф.ғ.к., доцент

(1997-2004 жж.)

2004 -2005 жылдары кафедра меңгерушісі болып аға оқытушы Шабденова Қ.Ж.   қызмет істеді.

Шабденова Қ.Ж.

аға оқытушы

(2004-2005 жж.)

2005жылдан кафедра меңгерушісі болып ф.ғ.к., доцент Хамзина Қ.М. тағайындалды.

Хамзина К.М

ф.ғ.к., доцент

(2004-2008 жж.)

2008 жылдан қазірге дейін кафедра меңгерушісі болып филология ғылымдарының кандидаты, доцент Қалыбекова Қаламқас Сағындыққызы қызмет атқарады.

Калыбекова К.С. ф.ғ.к., доцент

2008 ж. қазірге дейін

Кафедра жоғары білікті, мәдениетті мамандарды даярлауда университеттің тәрбие жұмыстарына өз үлесін қосып келеді. Бірінше курс студенттері кафедра оқытушыларының басшылығымен конференциялар мен фестивальдерге қатысады. Студенттік шараларға құрметті қонақтар ретінде университетіміздің еңбек ардагерлері қатысады. Жыл сайын кафедрада 20 – ға жуық мәдени шаралар, жарыстар, сайыстар өткізіліп тұрады, Қазақстан халықтарының тілдері күнін атап өту барысында мемлекеттік тілді жетік меңгерген студенттер арасында сайыстар өткізіліп тұрады, 2009 жылдан бастап мектеп оқушылары арасында интернет-олимпиада өткізіледі. Студенттер ЖОО арасында өтетін ғылыми конференцияларға қатыстырылып, мақалалары баспадан жарық көріп тұрады, М.Әуезов атындағы облыстық кітапханамен бірлесіп дөңгелек столдар өткізіп отырады, облыстық «Жастар – Қазақстанның болашағы» атты студенттер фестиваліне қатысып тұрады. Облыс және республика көлемінде өтетін мемлекеттік тілді меңгерген студент жастар арасында өтетін сайыстар бірнеше рет студенттер қатыстырылып, жүлделі орындарға ие болды.

Кафедра ұжымы мемлекеттік тілді меңгертуді одан әрі жақсарту барысында барлық күш-жігерін сала отырып,  еңбек етуде. Кафедраның мақсаты – болашақ білікті мамандарды өз Отанына деген сүйіспеншілік пен отаншылдыққа баулу. Кафедра ұжымы атқарып отырған тәрбие жұмыстары еліміздің көп ұлтты халқын бірлікке баули отырып, оның дамуы мен гүлденуіне үлес қосу болып табылады.

Кафедраның оқытушылары мемлекеттік тілді оқыту проблемаларына арналған халықаралық және республикалық конференцияларға белсенді түрде қатысады.

«За политехнические знания» газетінде «Елім-ай» (Мой народ) рубрикасы бойынша аға оқытушы Ғ.М. Әбілқасов Қазақстан Республикасының рәміздеріне, халықтың дәстүріне, этикасы мен тұрмысына арналған мақалалар жарияланады.

1998 жылы кафедрада мемлекетттік тілде “Іс қағаздарын жүргізу  ”  курсы бағдарламасы бойынша қомақты жұмыстар жүргізіп,  ҚР ЖОО-ы арасында алғашқы рет практика жүзінде қолданылды.

Кафедра оқытушылары барлық мамандықтар бойынша мемлекеттік тілде техникалық мәтіндер мен сөздіктер жинағын шығарады. 2001 жылы “Қазақ тілі” (1-2 курс студенттеріне арналған деңгейлетіп оқыту оқулығы) оқулығы шықты, осы оқулық бағдарламаға сүйеніп, деңгейлетіп оқыту бойынша сабақ оқыту үлгілері берілді.

2006, 2007 оқу жылдары қатарынан кафедра ұжымы “Университеттің  үздік кафедрасы”  атты байқауында 1 орынға ие болды.

Кафедра оқытушылары аймақтық, халықаралық ғылыми конференцияларға белсенді түрде қатысады, жазған ғылыми мақалалары конференция жинақтарына басылып тұрады.

 

Без рубрики