Тарихы


«Технологиялық жабдықтар, машинажасау және стандарттау» кафедрасы


Машинажасау өндірісінің өсуі мен өркендеуіне байланысты өткен жүзжылдықтың 50-ші жылдары Қазақстан зауыттарында білікті кадрлер жетіспеушілігі сезіле бастады, сондықтан Қарағанды политехникалық институтында машинажасау профилі бойынша инженер мамандықтарын ашу туралы басшылықпен шешім қабылданды.

Алғашқы 25 адамнан тұратын студенттерді қабылдау 1959 жылы металлургия факультетіне «Машинажасау технологиясы» мамандығы бойынша өтті.
Мамандықтың дамуы мен жоғарыбілікті мамандықтарды дайындауда Ресейдің басты ЖОО мен алдыңғы қатарлы өндіріс орындарына білікті кадрларды ұстаздық жұмысқа шақыруға ректорат пен факультетте үлкен жүмыс жүргізілді. Бірінші жылдары орталық ЖОО-дан алдыңғы қатарлы мамандарды шақыру кең тәжірибеленді (Мәскеу станок құрал-сайман институты, Бауман атындағы МВТУ және т.б.) — Солод Г.И. – т.ғ.д., Мәскеу тау-кең академиясының профессоры; Сахаров Г.Н. — т.ғ.д., профессор, Сталин сыйақысының лауреаты, Боровой А.А. — т.ғ.д., профессор; Лисицын В.Д. — т.ғ.д., профессор; Арбузов Ю.Д. — т.ғ.д., профессор, Мәскеу станок құрал-сайман институты.
1961 жылдың тамызында «Металлдар технологиясы» кафедрасына доцент лауазамын алған, Люберецк ауылшаруашылық машинажасау зауытында бас технолог болып жұмыс істеген Эттель А.В. шақырылды, ал 1962 жылы жаңа «Машинажасау технологиясы» кафедрасын басқарды, осы уақыттан бастап кафедра көтерілуі басталды: дәрісханалар, зертханалар пайда болды, құрал-жабдықтар алына басталды.
Алғашқы кафедра оқытушылары Ким Я.П., Старухин С.В., Клещин В.А, Клещина Э.В., Белостоцкая И.Л. болды.
Сол уақыттың ең алғашқы мақсаты кафедраның профессорлық оқытушылық құрамын жиналуы болып табылатын. Бұл мақсаттың шешімі болып кафедраға орталық ЖОО-ның аспирантура бітіруші жас мамандардың тартылуы болды: Нерубай Н.С. – Куйбыш қаласындағы, политехникалық институты, Ушомирская Л.А. – Ленинград политехникалық институты.
Алғашқы жиынның ең үздіктері Кеңес Одағының алдыңғы қатарлы ЖОО мақсаттық аспирантураға тартылды: Чуриков А.П., Акжолов А.М., Ким Я.П. — Мәскеу станок құрал-сайман институтына, Абилова С.М. – Тула политехникалық институтына, Бауман В.А. – Брянск көліктік машинажасау институтына, Гусев В.Г. — Н.Э.Бауман атындағы МВТУ, Бенгард А.Э. — Ленинград политехникалық институтына. Олардың барлығы кандидаттық диссертацияларын қорғап кафедра доценттары болып қызмет атқарды.
Кандидаттық диссертацияларды сәтті қорғап, дайындаған кафедра оқытушылары Старухин С.В., Фех Е.А., Макеев В.Ф., Падиарова И.П., Туменов Т.Н., Ольштынский П.В., Швоев В.Ф., Отений Я.Н., Подтихова Л.Н., Муравьев О.П., Байжабагинова Г.А., Уалиев Д.Ш., Ерахтина И.И., Жаркевич О.М., Никонова Т.Ю, және докторлық диссертацияларды Гусев В.Г., Жетесова Г.С., Сихимбаев М.Р. және Шеров К.Т., кафедраның аға оқытушысы Юрченко В.В. PhD дәрежесін ізденуге жұмысын дайындап жатыр.
Бітірушілердің көбісі Қазақстан Республикасы болсын, шет елде болсын, ірі жетекшілер мен ғалымдарға айналды — Титкова С.О., ғылымдар докторы, АЖЖ бойынша жетекші маман (Торонто қ, Канада); Фех Е.А. – ғылымдар докторы (Германия); Гусев В.Г. – техника ғылымдары докторы, профессор (Германия); Янцер Г.А., әлемдік экономика академиясының түлегі; Жакенов С.А. – «Каргормаш» ЖАҚ бас инженеры; Куренков В.В. – КЛМЗ директор орынбасары; Петров В.В. – РГТО өндіріс бойынша директор орынбасары; Туменов Т.Н. – т.ғ.к., доцент, «БелРосинструмент» директоры және т.б.
Кафедра жетекшілері болып әртүрлі уақытта ірі ғалымдар әрі өндірісшілер болды: Игнатов С.Н. (1971-1983 жж.) – т.ғ.д., қазіргі таңда Н.Э. Бауман атындағы МВТУ-нің Муром филиалының профессоры; Пивень Г.Г. (1983-1993 жж.) – т.ғ.д., профессор, ЖМ МҒА академигі, 1994 жылдан ҚарМТУ ректоры; Ольштынский П.В. (1994-1997 жж.) – т.ғ.к., доцент, қазіргі таңда Волгоград техникалық университетінің Камышинск филиалының директор орынбасары; Швоев В.Ф. (1997 — 2008 жж.) – т.ғ.к., доцент; Жетесова Г.С. (2008 ж. –2014 ж.) — т.ғ.д., профессор,; Шеров К.Т. (2014 ж. – 2015ж.) —  т.ғ.д., профессор; Жетесова Г.С. (2008 ж. –қазіргі күнге дейін) — т.ғ.д., профессор.

Бастапқыда А.В. Эттельден кейін С.Н.Игнатовтың, Г.Г. Пивеньнің, В.Ф. Швоевтің, Г.С. Жетесованың және К.Т. Шеровтың  басшылығымен кафедрада үнемі ғылыми-зерттеу жұмыстары мемлекеттік бюджет және шаруашылық келісім-шарттық тақырыптама бойынша министрлік және машинажасау өндірушілері мен жүргізіліп, бірқатар кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғалды. Бүгінгі күні кафедра 2 грант бойынша жұмыс жасауда, яғни ҚР БжҒМ және мемлекетаралық TEMPUS жобасы.
Кафедраның өсіп-өркендеуіне орай жаңа мамандықтар ашыла бастады. 1970 ж., тұңғыш рет «Машинажасау» мамандығына тұллектер қабылданды, олар «инженер-педагог» біліктілігін алып шықты. Бұл мамандықтың ашылуы кәсіби-техникалық білім жүйесіндегі машинажасау қызметкерлерінің жеткіліксіздігінен туды.
Бұл мамандық иелері жоғары кәсіби біліктілікті педагог және орыс тілі кафедрасының меңгерушісі п.ғ.д., профессор Гонцова өткізген қажетті педагогикалық дайындықтан өтті.
1994 жылы «Металлкескіш станоктары» мамандығының ашылуына орай кафедра екіге бөлінді, ол: «Машинажасау технологиясы» және «Металлкескіш станоктары», бірақ 1996 жылы қабылдау жоспарының азаюына орай кафедралар қайта қосылды.
1997 жылы Қазақстанда алғаш рет жаңа «Стандарттау және сертификаттау» мамандығы ашылды.
«Машинажасау технологиясы» кафедрасының жұмыс істеген уақытында Қазақстанның әр аймағында және ТМД мемлекеттерінде және шет елдерінде жұмыс істейтін 2300 маман дайындап шыққан.

2015 жылы  «Машина жасау технология» кафедра «Технологиялық жабдықтар,машина жасау және стандарттау» кафедрасынан деп өзгертілді. Сонымен қатар «Тау-кен машиналары»  кафедрасы бекітілді.

2017 жылы KЛМЗ ЖШС «Maker» кафедрасының бөлімшесі ашылды, онда нақты уақыт режимінде машина жабдықтары бойынша оқыту жүргізілуде.

Без рубрики