«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»: Saginov Technical University-да жас ақындар мүшәйрасы өтті


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде ерекше рухани кеш өтті. Инновациялық технологиялар колледжінің ұйымдастыруымен  өткен байқау  Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен көрнекті ғалым, академик, Қарағанды қаласының Құрметті азаматы Әбілқас Сағыновтың 110 жылдық мерейтойына арналды. Мүшәйраға  өңірдегі орта мектептен және техникалық, кәсіптік білім беру ұйымдарынан келген жас дарындар қатысты.

Алдымен қонақтардың назарына Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен академик Әбілқас Сағыновтың еңбектеріне арналған кітап көрмесі және «JADIGER» қолөнершілер қауымдастығы ұйымдастырған танымал қолөнершілерінің ұлттық бұйымдары  ұсынылды

Жиында сөз сөйлеген университеттің Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Бекболат Нүсіпбеков,: «Бұл мүшәйра – тек шығармашылық жарыс емес, ол – ерлік пен еңбекке тағзым, рухани сабақтастықтың алтын көпірі. Жас ақындар жыры арқылы біз ұлы тарихымызды ұлықтап, болашаққа бағдар жасаймыз,» – деді.

Сондай-ақ, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының басшысы Бақытгүл Абдикерова, Инновациялық технологиялар колледжінің директоры Нұрбибі Смағұлова және техника ғылымдарының кандидаты, профессор Савет Сағынтаев жастарға сәттілік тілеп, тағылымды тілектерін білдірді. Савет Сағынтайұлының ақ батасы – жас ақындарға шабыт сыйлады.

Биылғы мүшәйрада ақындар үш бағыт бойынша: Ұлы Жеңіске, Әбілқас Сағыновтың өмір жолына және жұмысшы мамандықтарға арналған өлеңдерін оқыды.

Қазылар алқасы құрамында өңірдің белгілі қаламгерлері, журналистер мен мәдениет саласының өкілдері болды. Сайыстың әділ де шынайы өтуін қамтамасыз еткен әділқазы алқалары әр қатысушының өнерін жіті бағалады. Нәтижесінде бас жүлдені – Кәусар Ахмет жеңіп алды. Әлия Картенбай І- орынға лайық деп танылса, Аида Амангелді ІІ –орынды алды.​АлІІІ-орынды Айзад Мусиралиева иеленді.

Байқау жеңімпаздары Инновациялық технологиялар колледжі атынан арнайы дипломдармен марапатталып, кубоктар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Без рубрики