Құрметті жас түлек!
Грант конкурсына қатысып үлгермедіңіз бе? Немесе нәтижеңіз өзіңіз күткендей болмады ма?
Уайымдамаңыз! Тамыз айындағы ҰБТ – арманыңыздағы мамандыққа түсудің тағы бір мүмкіндігі!
Өтініш қабылдау: 25 шілде – 5 тамыз
Тестілеу: 10–15 тамыз
Saginov Technical University сізге техникалық бағыттағы келесі таңдау пәндерін таңдауға кеңес береді:
✅ Математика – Физика
✅ Математика – Информатика
✅ Химия – Физика
✅ Химия – Биология
✅ Математика – География
Осы пәндер бойынша шекті балл жинап, Saginov Technical University-дің ақылы бөліміне түсіп:
түрлі оқу жеңілдіктерін пайдалана аласыз;
сапалы инженерлік білім аласыз;
техникалық мамандықтар бойынша 1-курс немесе 1-семестрден кейін бөлінетін қосымша мемлекеттік білім беру грантына ауысу мүмкіндігіңізді арттырасыз.
Бүгінгі таңда ақылы бөлім – ертеңгі мемлекеттік грантқа бастар жол!
Мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз! Тамыз ҰБТ-сына тіркеліп, Saginov Technical University студенті атаныңыз!
⸻
Тамыз айындағы ҰБТ-ға кімдер қатыса алады?
✅ Биылғы және өткен жылдардағы мектеп түлектері;
✅ Биылғы және өткен жылдардағы колледж түлектері;
✅ ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар (қандастар);
✅ Шетелде орта білім алған Қазақстан Республикасының азаматтары;
✅ Шығармашылық білім беру бағдарламаларынан басқа бағыттарға ауысқысы келетін студенттер;
✅ Басқа білім беру бағдарламаларынан педагогикалық бағыттарға ауысқысы келетін студенттер;
✅ Өткен оқу жылында шекті балл жинамай, жоғары оқу орнының ақылы бөліміне қабылданған тұлғалар.
Толық ақпарат алу үшін қабылдау комиссиясына хабарласыңыз!
