ТҮЛЕКТЕР ТӘЖІРИБЕСІ – СТУДЕНТТЕРГЕ БАҒДАР


Бүгін Saginov Technical University-де Металлургия және машина жасау факультетінің «Металлургия және жаңа материалдар» кафедрасы түлектерінің қатысуымен «Жетістік тарихы: түлектер тәжірибесі» атты кездесу өтті.

Бір кафедрада білім алған, бүгінде ғылымда, өндірісте және халықаралық компанияларда еңбек етіп жүрген түлектер студенттерге кәсіби жолдары туралы айтып берді. Әңгіме оқу кезінде тәжірибе жинақтау, алғашқы жұмысқа орналасу, шетелде білім алу және мамандық бойынша даму мүмкіндіктеріне арналды.

Қызықты Айбек Ғазизұлы «Болашақ» бағдарламасы арқылы Ұлыбританиядағы University of Warwick оқу орнында білім алу тәжірибесімен бөлісті. Қазір Tengizchevroil компаниясында инженер болып еңбек ететін түлек материалтану, коррозия және механикалық тұтастық саласындағы қызметі туралы айтты. Ол шетелде алған білімінің кәсіби дамуына қалай ықпал еткеніне де тоқталды.

Камила Тургунова материалтану және металлургия саласындағы 15 жылдан астам тәжірибесімен бөлісті. Бүгінде ол «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – Жобалау-конструкторлық бюросында «рельс–дөңгелек» өзара әрекеттесуін зерттеу жобалық тобы басшысының орынбасары қызметін атқарады. Оның еңбек жолы зертханалық зерттеуден бастап металдардың сапасын бақылау мен инженерлік міндеттерді шешуге дейінгі бағыттарды қамтиды.

Университетті 2017 жылы үздік бітірген Нина Воробкало бүгінде Ж. Әбішев атындағы Химия-металлургия институтының пирометаллургиялық процестер зертханасында жетекші ғылыми қызметкер болып еңбек етеді. Ол 2024 жылы «Металлургия» бағыты бойынша PhD дәрежесін алған. Ғалым минералдық және техногендік шикізатты өңдеудің ресурс үнемдейтін технологияларын зерттеп, жас ғалымдарға арналған ғылыми жобаны басқарады. Оның 50-ден астам ғылыми еңбегі жарық көрген.

Жас түлек Құдайберген Аружан 2026 жылы «Металлургия» мамандығын тәмамдап, «Алтыналмас» АҚ-ға жұмысқа орналасты. Қазір металлургиялық зертханада технологиялық процесті бақылау бойынша лаборант болып қызмет етеді. Ол студенттерге өндірістік практикаға жауапкершілікпен қарап, оқу кезінде кәсіби дағдыларды дамытуға кеңес берді.

Кездесу студенттерге бір мамандықтың әртүрлі кәсіби жолға бастайтынын нақты мысалдар арқылы көрсетті. Олар түлектерге ғылым, өндіріс, шетелде оқу және жұмысқа орналасу туралы сұрақтарын қойып, тікелей жауап алды.

 

Без рубрики