«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің шетелдік тәжірибесі, қоғамдағы сыбайлас жемқорлық көріністерінің әсері» атты дөңгелек үстео өткізді


«Шет тілдер» кафедрасы 2021 жылдың  15 қазанында

Miсrosoft Teams  онлайн платформасында

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің шетелдік тәжірибесі, қоғамдағы сыбайлас жемқорлық көріністерінің әсері» атты дөңгелек үстео өткізді

Іс -шара Microsoft Teams-те онлайн режимінде өтті, оған 80-нен астам студент, сонымен қатар шетел тілдері кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

Іс-шараның басында оның мақсаты мен тәртібі, бөлімнің тақырыптары айтылды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың өзектілігі талқыланды.

1-ші курс студенттері дөңгелек үстелдің үш бөліміне сәйкес презентациялар дайындады:

  1. Сыбайлас жемқорлықтың қоғамға әсері;
  2. Сыбайлас жемқорлықпен күресудің шетелдік тәжірибесі;
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-әрбір азаматтың міндеті;

Қатысушылар келесі критерийлерді ескере отырып, өз бөлімдері бойынша презентациялар жасады: қолданылған материалдың өзіндік ерекшелігі; мазмұны, сөйлеу сауаттылығы, танымы, өзектілігі мен мазмұнының ақпараттық тұрғыдан сапалы  болуы.

Дөңгелек үстелдің «Сыбайлас жемқорлықтың қоғамға әсері» аталатын бірінші бөлімінің қатысушылары – ЛОГ-21-1, СИБ-21-3, БЖД-21-1 топтарының студенттері сыбайлас жемқорлықтың білім беру жүйесіне, медицинаға, елдің экономикасына, қоғам және жалпы өмір сапасына тигізетін кері әсері туралы сөз қозғады. Салыстырмалы статистикалық деректер көрсетілді.

«Сыбайлас жемқорлықпен күресудің шетелдік тәжірибесі» бөлімінде көрермендер АҚШ, Германия, Франция, Нидерланды, Швеция және Сингапур сияқты елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйесімен таныса алды. Қатысушы- ЦАФ-21-2, ВТ-21-2, ПСК-21-2, МД-19-1 топтарының студенттері жоғарыда аталған елдердегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдар туралы, сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық үшін тағайындалатын жазалау әдістері туралы айтты. Көрермендер сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін шет елдерде қандай ынталандыру әдістері қолданылатынын, үкіметтік емес сыбайлас жемқорлықпен күресу жұмысын және бүкіл әлем бойынша сыбайлас жемқорлықтың деңгейін зерттейтін «Transparency International» халықаралық ұйымны туралы білді.

Дөңгелек үстелдің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-әрбір азаматтың міндеті» деп аталатын үшінші бөлімінде сыбайлас жемқорлықтың пайда болуының және таралуының негізгі себептері, Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін қандай шаралар қолданылып жатқандығы, « ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңы талқыланды.

Дөңгелек үстел соңында барлық студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық әрекеттерге тап болған жағдайда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жүгіне алатындығы туралы ұсыныстар берілді.

Іс-шараға жауапты шет тілдері кафедрасының оқытушылары: «Шет тілдері» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Джантасова Дамира Дулатовна, кафедраның тәрбие жұмысына жауапты оқытушысы Исина Назерке Темірқабылқызы, кафедра оқытушылары Мустапаева Орал Туленбековна, Абдыкаримова Мөлдір Маратовна, Гизатулина Альфия Фанильевна.

Без рубрики