Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде студенттерге Жаңа Конституция ережелерін жан-жақты түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Бүгін әлеуметтік-тәрбие ісі жөніндегі проректор Абай Қалықов Көлік, логистика және инженерлік экономика факультетінің 2-3 курсында білім алып жатқан 100-ден астам студентпен кездесті.
Кездесу барысында ол Жаңа Конституцияның негізгі бағыттары мен маңызын түсіндіріп, оның ел дамуы мен азаматтардың құқықтарын қорғаудағы рөліне тоқталды. Мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруда маңызды рөл атқарып, Ата заңның мәнін тереңірек түсінуіне мүмкіндік береді.


