Студенттерге берілетін мемлекеттік шәкіртақы мөлшері қандай?


Қазақстанда студенттерді қолдауға бағытталған мемлекеттік шаралар жыл сайын кеңейіп келеді. Білім беру гранттарының саны артып, шәкіртақы мөлшері кезең-кезеңімен ұлғайтылуда.

Бүгінде бакалавриат студенттеріне төленетін мемлекеттік шәкіртақы 52 372 теңгені құрайды. Бұл көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда екі есе артқан.

Магистранттарға ай сайын 117 098 теңге, ал докторанттарға 262 500 теңге көлемінде мемлекеттік шәкіртақы төленеді. Олардың шәкіртақысы 2022 жылмен салыстырғанда 1,75 есе өсті.

2026–2027 оқу жылына еліміз бойынша 89 мыңнан астам мемлекеттік білім беру гранты қарастырылған:

▫️ бакалавриатқа – 75 371 грант;
▫️ магистратураға – 11 007 грант;
▫️ докторантураға – 3 079 грант.

Мемлекеттік грант иегері атанып, болашақ мамандығыңызды дұрыс таңдағыңыз келе ме? Saginov Technical University қабылдау комиссиясының мамандары сізге білім беру бағдарламаларын таңдауға, грант конкурсының талаптарын түсінуге және құжаттарды дұрыс рәсімдеуге көмектеседі.

Мемлекеттік білім беру гранты конкурсына өтінімді университеттің қабылдау комиссиясы арқылы немесе eGov порталы арқылы онлайн тапсыруға болады.

Құжаттар 20 шілдеге дейін қабылданады.

[/su_custom_gallery][/su_custom_gallery]

 

Без рубрики