Студенттердің Қарағанды қаласы ПБ Орталық ПБ өкілімен кездесуі


2022 жылдың 17 қарашасында «Студенттер үйі» жатақханасында тұрып жатқан ҚарТУ-дың 1-курс студенттерімен Қарағанды қаласы Орталық ПБ учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Шохабаев Жасұлан Сержанұлымен, Қарағанды қаласы Орталық ПБ учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Қаузов Естай Төлегенұлымен «Студенттер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбы төңірегінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді (50 адам). Студенттерге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434, 440, 441 баптары түсіндірілді. Сондай-ақ студенттерге ұсақ бұзақылық, саябақ пен қоғамдық көліктерде жүру тәртібі туралы айтылды.

Студенттер белсенді сұрақтар қойып, оларға нақты және толыққанды жауаптар алды.

Без рубрики