Студенттік бөлімнің мақсаты:студенттер контингентінің статистикалық есебі мен мониторингі, оның қозғалысын бақылау, жеке істерін жүргізу және студенттер туралы мәліметтерді уақытылы беру.
Студенттік бөлімнің негізгі міндеттері:
- оқуға қабылданған студенттердің жеке істерін университеттің қабылдау комиссиясынан қабылдау, оларды жүргізу, университетте оқуының барлық кезеңінде сақтау;
- АЖ Univer, ҰББДҚ, Қаржы орталығы базаларында студенттердің жеке деректері мен қозғалысын есепке алу;
- 3НК нысаны бойынша жылдық статистикалық есепті дайындау және құрастыру;
- студенттер контингенті мен оның қозғалысының айлық, тоқсандық есебін жүргізу;
- мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша бос орындарға студенттердің құжаттарын дайындау;
- басқа ЖЖОКБҰ-дан ауыстырылған және қайта қабылданған студенттердің құжаттарын алуға жазбаша сұранысты дайындау;
- басқа ЖЖОКБҰ-ға ауыстырылған және қайта қабылданған студенттердің құжаттарын жіберу;
- ҚР БжҒМ, жергілікті атқарушы органдармен және басқа да ұйымдармен студенттер туралы әртүрлі мәліметтер бойынша хат алмасу;
- «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру туралы дипломдардың телнұсқаларын беру»;
- күндізгі оқу және күндізгі қысқартылған оқу бойынша студенттердің контингентін бақылау және қозғалысын есепке алу.
Дуганова Гүлден Қанатқызы – студенттер бөлімінің жетекшісі. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Ақпаратты өңдеу және басқарудың компьютерлік жүйелері» мамандығы бойынша бітірген, техника ғылымдарының магистрі. 2002 жылдан бастап ОӘБ маманы. 2013 жылдан бастап студенттер бөлімінің жетекшісі.
Косарева Лилия Анатольевна – Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Қолданбалы экология» мамандығы бойынша бітірген. 1992 жылдан бастап ҚМмБТ кафедрасының лаборанты. 2001 жылдан бастап ОӘБ инспекторы. 2008 жылдан ОӘБ маманы болып жұмыс жасады. 2020 жылдан бастап оператор-ресепшионист.
Макарова Елена Викторовна – Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген «Құжаттану және құжаттаманы басқару» мамандығы бойынша. 2013 жылдан бастап статистик.
Акумова Сәуле Хасенқызы – Қарағанды Еңбек Қызыл Ту Орденді политехникалық институтын «Ақпараттық-өлшеу техникасы» мамандығы бойынша бітірген. 2002 жылдан бастап СДОФ әдіскері. 2021 жылдан бастап статистик.
Махантуреева Аниз Саятовна – Қарағанды жоғары политехникалық колледжін «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бітірді, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығы бойынша оқиды. 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап оператор-ресепшионист болып жұмыс істейді.
Құлмағанбетова Алмагүл Қанатқызы – Қазақстан-Ресей университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген. 2001 жылдан 2015 жылға дейін КРУ-да тұтынушыларға қызмет көрсету жөніндегі менеджер. 2015 жылдан бастап инспектор.
Сейдіғали Толғанай Жанқабылқызы – Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Есеп және аудитә мамандығы бойынша бітірген. 2021 жылдың қазан айынан бастап инспектор.