Білім алушыларға қызмет көрсету орталығы

Білім алушыларға қызмет көрсету орталығы

Білім алушыларға қызмет көрсету орталығының мақсаты: студенттік қоғамдастықпен жан–жақты өзара іс-қимылды барынша жақсарту, «университет – білім алушы» өзара іс-қимыл жүйесіндегі қызмет көрсету кезіндегі қайталанатын бюрократиялық кедергілер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою. Студенттер контингентін статистикалық есепке алу және мониторинг жасау, оның қозғалысын бақылау, жеке істерін жүргізу және білім алушылар бойынша ақпаратты уақтылы ұсыну.
Білім алушыларға қызмет көрсету орталығының негізгі мақсаты:
• университеттің қабылдау комиссиясынан қабылданған талапкерлердің жеке істерін қабылдау, оларды басқару және университетте оқу мерзімі ішінде сақтау;
• «Univer» АЖ, Платонус, ЖБББП, Қаржы орталығы базасында студенттердің жеке деректерін және қозғалысын есепке алу;
• 3-НК, 1-НК нысаны бойынша жыл сайынғы статистикалық есепті дайындау және жасау;
• күндізгі және күндізгі қысқартылған оқу түрі, орта кәсіптік білім негізінде күндізгі қысқартылған оқу түрі, жоғары білім негізінде күндізгі оқу түрі, ғылыми-педагогикалық бағытта магистратураның күндізгі оқу түрі, ғылыми-педагогикалық бағытта PhD күндізгі оқу түрі бойынша білім алушылардың контингентін және оның қозғалысын ай сайын, тоқсан сайын есепке алу;
• мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша бос орындарға орналасу үшін білім алушылардың құжаттарын дайындау;
• басқа ЖЖОкБҰ-дан ауыстырылған және қайта қабылданған білім алушылардың құжаттарын алуға жазбаша сұрау салуды ресімдеу;
• басқа ЖЖОкБҰ-ға ауыстырылған және қайта қабылданған білім алушылардың құжаттарын жіберу;
• білім алушылар жөнінде әр түрлі ақпарат мәселелері бойынша ҚР ҒЖБМ, жергілікті атқарушы органдармен және басқа да ұйымдармен хат алмасу;
• мемлекеттік қызметтер көрсету: Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы дипломдардың телнұсқаларын беру; Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру; Азаматтардың жекелеген санаттарына, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілерге тегін тамақ беру;
• оқу-білім беру қызметтерін көрсету: ҚарТУ-да білім алғандардың транскрипті; ҚарТУ-да білім алушылардың транскрипті; Академиялық демалыс беру және оны ұзарту; Академиялық демалыстан оралу; Ауыстыру және қайта қабылдау (басқа ЖОО-ға, ҚарТУ-ға, білім алушылар қатарына); ЖОО шеңберінде ауыстыру; Өз қалауы бойынша оқудан шығару; Дербес деректерді өзгерту; Оқу орнынан анықтама беру; Жоғалған кілт-картаны қалпына келтіру; Жәрдемақы алу үшін анықтамалар (2. 4. 29 қосымшалар); ЖОО жатақханаларында тұратын білім алушыларды уақытша тіркеу;
• ЖОО білім алушылары мен қызметкерлеріне https://egov.kz сайтынан ЭСҚ, анықтамалар алу үшін көмек көрсетіледі;
• көрсетілетін қызметтердің сапасы, қолжетімділігі, ашықтығы, ұдайы жетілдірілуі, келіп түскен өтінімдерді уақтылы өңдеу, білім алушыларға, ПОҚ және қызметкерлерге ақпараттық-кеңес беру көмегін көрсету.

Кенжебекова Сулушаш Серикбаевна – Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Қолданбалы математика» мамандығы бойынша бітірген, ғылым магистрі. 2000 жылдан бастап ҚОФ әдіскері, 2024 жылдан бастап СҚО әдіскері. 2025 жылдың қыркүйек айынан бастап БАҚО басшысының уақытша міндетін атқарушы болып жұмыс істейді.
Ғабайдулина Татьяна Иосифовна — Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген. Университетте 2009 жылдан бастап 2017 жылға дейін бухгалтер болып жұмыс істеді. 2017 жылдан бастап 2024 жылға дейін СҚО басшысы. 2024 жылдың қазан айынан бастап БАҚО басшының орынбасары.
Дуганова Гүлден Канатовна – Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Ақпаратты өңдеу және басқарудың компьютерлік жүйелері» мамандығы бойынша бітірген, техника ғылымдарының магистрі. 2002 жылдан бастап ОӘБ маманы. 2013 жылдан бастап студенттер бөлімінің басшысы. 2024 жылдың қазан айынан бастап СҚО басшысы. 2025 жылдың қыркүйек айынан бастап әдіскер болып жұмыс істейді.
Макарова Елена Викторовна – Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құжаттандыру және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша бітірген. 2013 жылдан бастап статистик болып қызмет істейді.
Акумова Сауле Хасеновна – Еңбек Қызыл Ту ордені Қарағанды политехникалық институтын «Ақпараттық өлшеу техникасы» мамандығы бойынша бітірген. 2002 жылдан бастап СҚОФ әдіскері. 2021 жылдан бастап статистик болып жұмыс істейді.
Кулмаганбетова Алмагуль Канатқызы – Қазақстан-Ресей университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген. 2001 жылдан бастап 2015 жылға дейін БТБ-да клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджер болып жұмыс істеді. 2015 жылдан бастап инспектор болып жұмыс істейді.
Сейдіғали Толғанай Жанқабылқызы — Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген. 2021 жылдың қазан айынан бастап инспектор болып жұмыс істейді.
Есбатыр Аружан Әшімханқызы – Академик Ә.С. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетін «Ақпараттық қауіпсіздік жүйесі» мамандығы бойынша бітірген. 2023 жылдан бастап ресепшионист-оператор болып жұмыс істейді.
Текенова Гульмира Мептиевна — Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген. 2009 жылдан бастап ҚОФ аға инспекторы, 2024 жылдың қазан айынан бастап СҚО аға инспекторы. 2024 жылдың қараша айынан бастап СҚО ресепшионист-оператор болып жұмыс істейді.
  Мухашева Динара Сапаргалыевна — Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген. 2008 жылдан бастап ҚОФ инспекторы, 2024 жылдың қазан айынан бастап СҚО инспекторы.
Джанасбаева Толганай Лефортовна – Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген. 2017 жылдан бастап ИЭМФ хатшысы, 2023 жылдан СҚО маманы.  2024 жылдан бастап СҚО әдіскері болып жұмыс істейді.
  Талатбек Ақниет Дарынқызы — Орталық-Қазақстан академиясының «Шетел филологиясы» мамандығын бітірген. 2025 жылдан бастап оператор-ресепшионист болып жұмыс істейді.
  Сембек Арайлым Дәркенқызы – Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Сандық аэрофото-түсірілім» мамандығын бітірген. 2025 жылдан бастап әдіскер болып жұмыс істейді.
  Абаева Диана Бақытжанқызы – Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Ақпараттық қауіпсіздік» мамандығын бітірген. 2025 жылдан бастап оператор-ресепшионист болып жұмыс істейді.