Saginov Technical University UI GreenMetric World University Rankings 2026 халықаралық рейтингіндегі позициясын жақсартты. Биыл университет әлемнің 2016 жоғары оқу орнының арасында 1092-орынға, ал Қазақстанның 41 ЖОО-сы арасында 17-орынға ие болды.
Университет рейтингте екінші жыл қатарынан оң динамика көрсетіп келеді. 2024 жылы әлемдік рейтингте 1365-орында болса, 2025 жылы 1278-орынға көтерілді. Ал биыл бірден 186 позицияға жоғарылады.
UI GreenMetric жоғары оқу орындарын инфрақұрылым, энергия және климаттың өзгеруі, қалдықтарды басқару, су ресурстары, көлік, сондай-ақ тұрақты даму саласындағы білім беру мен зерттеулер бойынша бағалайды.
Рейтингтегі өсім — университетте экологиялық жауапкершілікті арттыру, «жасыл» инфрақұрылымды дамыту және тұрақты даму қағидаттарын білім мен ғылымға енгізу бағытында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстың нәтижесі.