2025 жылғы 26-27 шілде күндері Тараз қаласында ұлдар арасында грэпплингтен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Грэпплинг – бұл ауырсыну мен тұншықтыру әдістерін қолдануға шамалы шектеулермен барлық күрес пәндерінің техникасын біріктіретін спорттық жекпе-жектің бір түрі. Турнирдің басты мақсаты – әлем чемпионатына қатысу үшін Қазақстан құрамасын қалыптастыру еді.
СТСС-24-2 тобының студенті Ерқанат Даниал осы чемпионатта 62 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде 3-ші орынға ие болды.
Даниалды құттықтаймыз! және жаңа жетістіктер тілейміз.