STU делегациясы Қазан қаласына жұмыс сапарымен барды


STU делегациясы Қазан қаласына жұмыс сапарымен барды

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің делегациясы Қазан қаласына жұмыс сапарымен барып, халықаралық ғылыми-білім беру байланыстарын кеңейтуге бағытталған бірқатар кездесуге қатысты.

Делегация құрамында Басқарма мүшесі – ғылым және инновациялар жөніндегі проректор А.Д. Мехтиев пен аға ғылыми қызметкер Р.Р. Бузяков болды.
Сапар аясында STU өкілдері Қазан мемлекеттік энергетикалық университетіне барып, оқу орнының ғылыми-зерттеу және зертханалық инфрақұрылымымен, энергетика, электротехника, автоматтандыру және инженерлік технологиялар саласындағы әзірлемелерімен танысты.

ҚМЭУ-дің ғылым және коммерцияландыру жөніндегі проректоры И.В. Ившинмен өткен кездесуде бірлескен зерттеулер жүргізу, халықаралық жобаларға өтінім беру, академиялық ұтқырлықты дамыту, ғылыми кадрлар алмасу және ортақ ғылыми іс-шаралар өткізу мәселелері талқыланды. Тараптар ынтымақтастықтың нақты бағыттарын одан әрі пысықтауға уағдаласты.

Сонымен қатар университет өкілдері Kazan Global Youth Summit 2026 аясындағы Ректорлар форумына қатысты. Халықаралық алаңда университеттердің заманауи даму модельдері, жаңа академиялық серіктестік форматтары, болашақ экономикасына қажетті кадрларды даярлау, ғылым мен инновацияны дамыту және білім беру үдерісіне заманауи технологияларды енгізу мәселелері көтерілді.

Форумның маңызды нәтижелерінің бірі – Лахор университетімен (Пәкістан) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою болды. Құжат бірлескен ғылыми зерттеулерді, академиялық алмасуды, халықаралық жобалар мен ғылыми-білім беру іс-шараларына қатысуды көздейді.

Сапар барысында шетелдік университеттер және халықаралық ұйымдармен жаңа байланыстар орнатылып, бірлескен білім беру және зерттеу бастамаларын іске асырудың перспективалары айқындалды.

Жұмыс сапары STU-дың халықаралық ғылыми-білім беру кеңістігіндегі серіктестік аясын кеңейтіп, бірлескен ғылыми жобаларды дамытуға жаңа мүмкіндік ашты.

 

Без рубрики