STU CS2: FIRST BLOOD 2026 турниріне тіркелу ашылды!
Saginov Technical University бірінші курс студенттерін Counter-Strike 2 бойынша «STU CS2: FIRST BLOOD 2026» турниріне қатысуға шақырады.
Бұл — жаңа оқу жылының басында өз шеберлігіңді көрсетіп, командаңмен бірге университеттің киберспорттық өміріне жарқын қадам жасау мүмкіндігі.
Жеңімпаздар STU-дың 2026 жылғы ең мықты CS2 командасы атағына ие болады. Чемпиондар университеттің әлеуметтік желілерінде таныстырылады, ал турнирдің үздік ойыншысына MVP статуэткасы табысталады.
Қатысушылар: тек 1-курс студенттері
Формат: online
Тіркелу: 11 қыркүйек, 18:00-ге дейін
Ойындардың басталуы: 12 қыркүйек
Өтінімде команда мүшелерінің аты-жөні, факультеті, тобы және Steam-профильдері көрсетіледі.
Командаң толық емес пе? Қажетті ойыншыларды тіркелу формасында көрсетілген Telegram-чаттан табуға болады.
Командалар саны шектеулі.
Тіркелу: https://forms.gle/341KiwQFCmzbJMNC8
