21-22 шілде аралығында Астанада Clean Air Task Force (CATF) бастамасымен БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының (БҰҰ ЕЭК) шахталық метан бойынша сарапшылар тобымен бірлесіп ұйымдастырылған халықаралық семинар өтті. Іс-шара шахталық метан шығарындыларын тиімді реттеу, өнеркәсіптік қауіпсіздікті арттыру және климаттық және өндірістік тәуекелдерді барынша азайту үшін Қазақстанның көмір өнеркәсібінде халықаралық тәжірибелерді енгізу мәселелеріне арналды.
Семинарға халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, ғылыми мекемелердің және көмір өндіруші кәсіпорындардың өкілдері қатысты. Олардың арасында Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың өкілдері – метан энергетикасы зертханасының және «Пайдалы қазбалар кен орындарын игеру» кафедрасының ғылыми қызметкерлері болды.
PhD, зертхана жетекшісі Денис Ахматнуров; PhD, «ПҚКБ» кафедрасының доценттері Равиль Мусин мен Наиль Замалиев «Қарағанды көмір бассейні жағдайында көмір қабаттарын газсыздандырудың және газдылықты бағалаудың инновациялық тәсілдері» тақырыбында баяндама жасады.
Онда метанның кенеттен шығарылу қаупін азайту, газсыздандыру тиімділігін арттыру, геомеханикалық және геодинамикалық процестерді модельдеу және энергетикалық мақсаттарда шахталық метанды кәдеге жарату жөніндегі ғылыми-зерттеу жобасы шеңберінде іске асырылатын қолданбалы және далалық зерттеулердің нәтижелері көрсетілген.
Мазмұнды баяндама семинар қатысушылары тарапынан жоғары бағаға ие болды.