STEM-дегі әйелдерге арналған Британдық Кеңестің стипендиялары


Стипендиялық бағдарламаның мақсаты неде?

Бұл стипендиялық бағдарлама әйелдерге арналған нақты ғылымдарды кеңейтуге бағытталған. Биылғы жылы Қазақстандағы Британдық Кеңес Ұлыбританияның 3 университетінің бірінде STEM саласындағы әйелдерге арналған алғашқы магистратураны қаржыландыратын стипендиялық бағдарламаның бір бөлігі болды.

2023/24 оқу жылына Еуропа мен Орталық Азия елдерінен келген әйелдер үшін барлығы 15 стипендия бар.

Негізгі артықшылықтары

  • Академиялық бедел: Ұлыбритания университеттері нақты ғылымдарға қатысты пәндер бойынша әлемдік көшбасшылардың қатарына кіреді
  • Экономикалық қолдау оқу ақысын, стипендияны, көлік шығындарын, виза ақысын және медициналық сақтандыруды қамтиды
  • Аналарға арналған мамандандырылған қолдау
  • Ағылшын тілін қолдау.

Университеттер 2023 жылғы 14 және 28 наурызда онлайн-презентациялар өткізеді — тіркелу міндетті түрде мына сілтеме бойынша: https://forms.office.com/e/NTXNhTUHx2

  • 14 наурыз сағат 14.00-де (сағат 20.00. Астана уақыты)
  • 28 наурыз сағат 10.00-де (сағат 16.00. Астана уақыты)

Толық ақпаратты веб-сайттан табуға болады: https://kazakhstan.britishcouncil.org/study-uk/scholarship-women-stem (университеттер, олардың сайттарына сілтемелер көрсетілген, онда өтініш беру процесі мен мерзімі сипатталған, университет іріктеуді жүзеге асырады).

Без рубрики