Смайлова Сауле


Сәлеметсізбе құрметті оқырман!
Алыстан бастайын. Мен өмірдегі бүкіл жақсылықтар аяқөастынан болатынына сенемін. Мен 2008 жылы Қарағанды Мемлекеттік Университетіне құжаттар тапсырған кезде «Автоматтандыру және Басқару» мамандығын таңдағаныма сенімсіз болдым, себебі мен өзімді гуманитарлық ғылым адамы деп есептедім. Кенеттен мен үшін Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университетінде 2 жылдық оқу ең жақсы болып шықты, себебі мен үшін көптеген мүмкіндіктерге есік ашылды және мені әрі қарай шыңдарға биіктеуге дайындады. Мен өзіме қызықты инженерлық ғылым әлеиін аштым, біртіндеп табан аудармай еңбекпен жоғары математика және физиканы меңгердім, маңыздысы, ағылшын тілі білімін Политехта қосымша курстардан үйрендім. Күндердің бір күні менің назарым мүлдем кездесоқ хабарландыруға түсті, онда Болашақ бағдарламасымен лемнің ең үздік университеттерінде білім алу ұсынылады. Таңырқаулық сезім мені халықаралық қызметтестік бөліміне алып келді, ол жерде менің шексіз алғыс білдіретін адамым – Бахыткүл Жолмағамбетова, себебі ол кісінің жәрдемі және көмегі үшін, және барлық таңдау процедурасын бастан аяқ түсіндірді. Канадада бірінші орын алатын және әлем бойынша Инжиниринг саласынан 9 орын алатын, Торонто университетіне қазір түспекшімін. Осы саланың маманы болғандықтан жас мемлекеттің әрі қарай болашағына мен өзімнің үлесімді қоссам деймін, әлеуметтік-техникалық жүйені әрі қарай дамытуға.
Егер Канада жайлы жеке өзіме тигізген әсерімді айтсам, бұл ел мені өзінің мәдениетінің байлығымен және қонақжайлығымен таңқалдырды. Бұл либералды заңдары бар жан-жақты дамыған ел. Жергілікті Болашақтықтар өте тату және ұйымшыл, олар жаңадан келгендерге» үйренуге көмектеселі. Қазақстандық Ассоциацияның Торонто студенттері жергілікті қазақ диаспораларымен жақсы қарым-қатынаста және де Тәуелсіздік күні, Наурыз сияқты көп деген Қазақстандық мерекелерді бірге тойлаймыз. Бұл өзіңді үйіңе жақын сезінуді көп жағдайда және туған мәдениетіңе, бірінші уақытта өзіңнің туғандарыңнанжәне достарыңнан алыстағаның, басқа елде қатты сезіледі. Қазақтар барлық жағынан өздерін жақсы үлгіде көрсетеді, білім жағынан да, мысалы, біздің тіл мектебімізде ең ақылды, білімді және қабілетті, абыройлы студенттер бар. Жалпы менің Канадаға келуім, мен үшін өмірдегі ең бір керемет оқиғалардың бірі болды. Оқиғаларымның қатарына артқа бұрылып қарасам, мұның жай сәттілік екенін білемін, бұл бір кезең. Мен әрдайым шыншыл болатынмын және ешқашан қиындықтардан қорықпайтынмын, кез-келген іске бар ынтаммен араласатынмын, ал сәтсіздіктер тек менің мақсатқа жетуімді одан әрі күшейтті.Сондықтан ҚарМТУдың барлық студенттеріне өздеріне және өз күштеріне сенуге тілектеспін!Алда биік шыңдарға жетіп, жеткен жетістіктеріңізден тоқтап қалмауға өтінемін, себебі қазіргі бардың көбі, кезінде біреудің қиял-арманы болған еді.

АиУ – 08 – 3 тобының студенті Смайлова Сауле,халықаралық «Болашақ» стипендиясының жулдегері

Без рубрики