Магистранттарға, докторанттарға және жас ғалымдарға арналған «Risk management» семинары


Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Шетел тілдері» кафедрасында  2018 жылдың 9 қарашасында магистранттар, докторанттар және жас ғалымдар үшін «Risk management (Тәуекелдікті басқару)»атты семинарын өткізді. Бұл семинарды  ағылшын тілінде Бухарест экономикалық зерттеулер университетінің «Ішкі саудадағы басымдылық» Орталығының директоры, профессор  Roxana Voicu-Dorobantu жүргізді.

Семинар интерактивтік форматта, семинарға қатысушыларға ыңғайлы жағдайда өткізілді. Семинар барысында қызықты мәселелер талқыланып,  бизнесті дұрыс жүргізу мен қаржылық тәуекелділік негізінде туындайтын қиындықтардың алдына алуға болатын мәнді де мағыналы кеңестер берілді.

Тәуекелділікті басқару мәселесі кездейсоқ талқыланып отырған жоқ, себебі ол менеджмент аумағында жылдан- жылға өрбіп отыр, әрі  қандай да болмасын компанияның корпоративтік басқару жүйесінің маңызды бөлшегі болып табылады. Сондықтан техникалық ғылымдар саласында жұмыс атқаратын  ғылыми- педагогикалық кадрларды дайындау қажеттігі туындап отыр.

Профессор Roxana Voicu-Dorobantu адамдар қабылдайтын шешімдердің дұрыстығын болжап білу мүмкіндік туғызбайтын жағдайларды саралай келіп, кәсіпкерлік салада тек қана кәсіпкердің ішкі түйсігі мен сезіміне ғана иек артатын тұстарға баса назар аударды. Тәуекелділік адамзат атқаратын барлық кәсіпке тән жағдай.

Магистранттар және докторанттар  қазіргі кезде тәуекелділікті зерттеу, болжау мен сараптау жағдайлары туралы сөз қозғады. Кез- келген кәсіпорын үшін туындайтын ауыртпашылықтар мен қиындықтарды алдын- ала болжау және оны болдырмау  әрекеті аса маңызды шаралардың бірі. Осыған орай дәріскер семинарға қатысушылардың назарын тәуекелділіктің маңызды әдістері мен басқару жүйесіне аударды.

Без рубрики