SAGINOV TEHNICAL UNIVERSITY-ДЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭССЕ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҒАРЫЛДЫ


2026 жылғы 23 қазанда Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде Республика күніне орай студенттер мен магистранттар арасында ұйымдастырылған «Цифрлық трансформация жағдайындағы Қазақстанның тұрақты дамуының конституциялық драйверлері ретінде азаматтық қоғам мен қоғамдық қатысу: 2026 жылғы жаңа Конституция» тақырыбындағы республикалық эссе байқауының қорытындысына арналған кездесу өтті.

Байқаудың негізгі мақсаты – Қазақстан тарихында айрықша орын алатын ұлттық мерекенің мәні мен маңызын жастар арасында кеңінен насихаттау, елдің қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін зерделеу, сондай-ақ азаматтық қоғам мен қоғамдық қатысудың мемлекет дамуы үшін маңызын түсіндіру. Сонымен қатар іс-шара жастардың патриоттық құндылықтарын нығайтуға және елдің қоғамдық-саяси өміріне деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.

Бірнеше жылдан бері Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы PhD докторы Д.Г. Шорманбаеваның жетекшілігімен республикалық эссе байқауын тұрақты түрде өткізіп келеді. Аталған байқау студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеушілік әлеуетін дамытуға, өз көзқарастарын білдіруге және өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасуына мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналды.

Биылғы байқауға еліміздің түрлі өңірлерінен 62 өтінім келіп түсті. Қатысушылар қатарында Қазақстан-Британ техникалық университетінің, Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің, Семей қаласының Шәкәрім университетінің және Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттері мен магистранттары болды.

Қорытынды кездесу барысында байқау нәтижелері талқыланып, ұсынылған эсселердің өзектілігі мен көтерілген мәселелердің маңыздылығы атап өтілді. Жас авторлардың жұмыстары олардың ел болашағына деген қызығушылығын, конституциялық қағидаттарды тереңірек зерделеуге ұмтылысын және азаматтық белсенділіктің маңызын түсінетінін көрсетті.

Осындай зияткерлік бастамалар жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, сыни және аналитикалық ойлау қабілетін дамытуға, ел тарихы мен мемлекеттік құндылықтарға деген құрметін арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар студенттердің қоғамдық өмірге белсенді араласуына жол ашып, жас ұрпақтың елдің тұрақты дамуына үлес қосуына мүмкіндік береді.

[/su_custom_gallery][/su_custom_gallery]

Без рубрики