Құрметті әріптестер, студенттер және отандастар!
Saginov Technical University ұжымы баршаңызды Халықтық Конституцияның заңды күшіне енуімен құттықтайды!
Жаңа Ата заң – ел азаматтарының ортақ таңдауы мен Қазақстанның жаңару бағытын айқындайтын маңызды тарихи қадам. Ол әділетті қоғам құруға, заң үстемдігін нығайтуға, адам құқықтарын қорғауға және мемлекеттің орнықты дамуына бағытталған.
Жаңа Конституцияның маңызды ерекшеліктерінің бірі – білім, ғылым және инновацияның алғаш рет мемлекеттік дамудың стратегиялық бағыты ретінде айқындалуы. Егер бұған дейін жоғары білім мен ғылым көбіне әлеуметтік саланың құрамында қарастырылса, енді олар адами капиталды дамыту, ғылыми әлеуетті нығайту және елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі тетігі ретінде стратегиялық мәнге ие болды.
Университет қауымдастығы ретінде біз білімді, ғылымға ұмтылатын, инновациялық ойлайтын және ел болашағына жауапкершілікпен қарайтын жас ұрпақ тәрбиелеу миссиясын жалғастыра береміз.
Жаңа Конституция еліміздің тұрақты дамуы мен жарқын болашағына қызмет ететін берік негіз болсын!
