Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті Қытай Халық Республикасы Білім министрлігіне қарасты Шетелде білім алу жөніндегі қызмет көрсету орталығының (CSCSE) шетелдік жоғары оқу орындары тізімінде көрсетілген.
Бұл тізім Қытайда шетелдік білім туралы құжаттарды тану және бағалау рәсімдерінде анықтамалық ақпарат ретінде пайдаланылады. Университеттің аталған дерекқорда болуы оның түлектері үшін Қытайда білімін жалғастыру және кәсіби қызметін дамыту барысында маңызды.
Бұл Saginov Technical University-дің халықаралық білім беру кеңістігіндегі орнын нығайтып, қазақстандық инженерлік білімнің шетелде танылуына ықпал етеді.
Шетелдік жоғары оқу орындарының ресми тізімінің түпнұсқасымен мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://yxcx.cscse.edu.cn/rzyxmd