Saginov Technical University студенттері Санкт-Петербургтегі «Қысқы университет» жобасына қатысты


Санкт-Петербургтегі Ұлы Петрдің политехникалық университетінің базасында «Инженерлік ғылымдар бойынша Қысқы университет — 2025» халықаралық жобасы өтті. Оған әр елден 200-ден астам студент пен жас маман қатысты. Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь, Өзбекстан, Армения, Тәжікстан, Оңтүстік Африка, Қытай, Иран, Үндістаннан келген студенттерге Сербия, Куба және Индонезиядан келген қатысушылар қосылды. Жалпы «Қысқы университетке» 44 жоғары оқу орнының студенттері қатысты.

Жобада басты назар қазіргі заманғы маңызды бағыттардың дамуына, атап айтқанда, жасанды интеллект, цифрландыру және инновациялық технологияларға аударылды. Бағдарлама лекциялар, сабақтар, дөңгелек үстелдер және технологиялар саласындағы ең өзекті және перспективалы бағыттар бойынша практикалық сабақтарды қамтыды.

Қатысушылар келесі салалардағы озық әзірлемелермен танысты:

  • Жасанды интеллект, оның ішінде машинамен оқыту және нейрожелілер саласындағы әзірлемелер.
  • Цифрлық технологиялар, соның ішінде заттар интернеті (IoT), блокчейн және киберқауіпсіздік.
  • Инженерлік ғылымдар, робототехника, автоматтандыру және басқа да инженерлік пәндердегі қазіргі заманғы тенденциялар.

Аталған жобаға КарТУ-дің 7 студенті қатысты: Дарья Андрюкова, Замира Бақыт, Елена Булгакова, Ануар Қаңтарбаев, Екатерина Ковалева, Серік Раульев, Аида Қасқанова. Шара соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Қатысушылар тек дәрістер мен семинарлар арқылы білімдерін кеңейтіп қана қоймай, Санкт-Петербургтің бай мәдени мұрасымен де танысты. Атап айтқанда Юсупов сарайына, Эрмитажға, Фаберже мұражайына, сондай-ақ Санкт-Петербургтің маңындағы Пушкин және Кронштадт қалаларына барды.

Без рубрики