Saginov Technical University студенттері республикалық пәндік олимпиадада жеңіске жетті


Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ студенттері республикалық пәндік олимпиадаларда жоғары нәтижелер көрсетіп келеді.

Алматы қ. «Тұран» университетінде өткен Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттері арасындағы XVIII Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың II кезеңінде ақпараттық-есептеу жүйелері кафедрасының студенттер командасы «Ақпараттық жүйелер» бағыты бойынша I орынды жеңіп алып, ақшалай сыйлыққа ие болды.

Команда құрамында:

Иван Луков (ИС-23-4)

Даниил Хуснуллин (ИС-24-4)

Владислав Бондарев (ИС-25-3)

Жеңімпаздарды құттықтай отырып, команда ғылыми жетекшісі — қауымдастырылған профессор Мутовина Наталья Викторовнаға, сондай-ақ кафедра оқытушысы Нұртай Марғұланға студенттерді жоғары деңгейде дайындағаны үшін алғыс білдіреміз!

Без рубрики