Saginov Technical University студенттері республикалық пәндік олимпиадада үздік нәтиже көрсетті


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті Ақпараттық технологиялар факультетінің «Ақпараттық-есептеуіш жүйелер» кафедрасының студенттері «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасы бойынша Алматы қаласындағы Қазақстан-Британ техникалық университеті базасында өткен XVIII Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңінде 1 орынға ие болды.

Жеке есепте Александр Будко I орын иеленді. Командалық есепте де ҚарТУ командасы I орын алды. Команда құрамында: Александр Будко, Максим Полынков, Никита Макаренко. Жетекшілері: АЕЖ кафедрасының меңгеруші м.а. Гулнур Абилдаева, аға оқытушы Гаухар Алина.

Олимпиадаға Қазақстан Республикасының 15-тен астам жоғары оқу орны қатысты. ҚарТУ студенттері өз білім беру бағдарламалары бойынша жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, лайықты нәтиже көрсетті.

Жеңімпаздарды және олардың жетекшілерін құттықтаймыз, алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз!

Без рубрики