SAGINOV TECHNICAL UNIVERSITY СТУДЕНТІНІҢ ЖОБАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СӘУЛЕТ БАЙҚАУЫНДА ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Сәулет» білім беру бағдарламасының студенті Эрик Дяченко халықаралық SÄULE ARCHITEKTURPREIS 2026 сәулет сыйлығында «Үздік студенттік жоба» номинациясы бойынша Honorable Mention (Құрметті атап өту) марапатына ие болды.

Жоба кәсіби қазылар алқасының назарын аударып, тың идеясы, сәулеттік шешімдерінің ерекшелігі және жоғары деңгейде әзірленуі үшін атап өтілді. Жоба жетекшісі – «Сәулет және көлік құрылысы» кафедрасының аға оқытушысы Денис Саморай.

Студентіміз бен ғылыми жетекшісін халықаралық жетістігімен құттықтап, жаңа шығармашылық табыстар тілейміз!

Без рубрики