Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің С-24-2с тобының студенті Бейсен Бекзат Ерболұлы 2026 жылғы Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары республикалық байқауында II дәрежелі дипломмен марапатталды.
Бекзат байқауға «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» бағыты бойынша «Күл кірпішінің шикізат материалдары мен пайдалану қасиеттерін зерттеу» тақырыбындағы ғылыми жұмысын ұсынды.
Байқау екі кезеңнен тұрды. Алғашқы, университетішілік кезеңде Бекзаттың зерттеу жұмысы II орын иеленіп, республикалық байқауға жолдама алды. Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша ғылыми жұмыс II дәрежелі дипломға ие болды.
Марапатты студентке Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Ізбасарқызы Көбенова табыстады.
Ғылыми жұмыстың жетекшісі – Қалмағамбетова Айзада Шәмшітқызы, ал студенттің кураторы – Тайшикова Алия Мейрамовна.
Бұл жетістік студенттің ғылымға деген қызығушылығы мен ізденісінің, сондай-ақ ғылыми жетекшісінің кәсіби қолдауының нәтижесі.
Бекзат пен оның ғылыми жетекшісін лайықты жетістігімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстарға жетіп, ғылым жолында жаңа белестерді бағындыруларына тілектеспіз!