Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің сәулет-құрылыс факультетінің студенті Алматай Жігер (С-23-1 тобы) 25–26 сәуір күндері Францияның Париж қаласында өткен халықаралық жарыста еліміздің намысын абыроймен қорғады.
Жарыс қорытындысы бойынша Жігер 77 кг дейінгі салмақ дәрежесінде 1-орын иеленіп, жоғары дайындық деңгейін, жігері мен жеңіске деген ұмтылысын көрсетті. Бұл оның беделді жарыстардағы алғашқы жеңісі емес.
Жігерді лайықты жеңісімен құттықтаймыз және оқу мен спорттық мансабында одан әрі табыс тілейміз!

