Saginov Technical University шығармашылық бағыт бойынша ақылы бөлімге түсу үшін өтініш қабылдаудың басталғанын хабарлайды.


Құрметті талапкерлер!

Егер сіз В073 – «Сәулет» білім беру бағдарламасына түсуді жоспарлап жүрсеңіз, сіздер үшін маңызды ақпарат бар.

Saginov Technical University шығармашылық бағыт бойынша ақылы бөлімге түсу үшін өтініш қабылдаудың басталғанын хабарлайды.

Егер сіз ҰБТ-да оқу сауаттылығынан кемінде 3 балл, ал Қазақстан тарихы пәнінен кемінде 5 балл жинаған болсаңыз, шығармашылық бағыт бойынша оқуға түсуге мүмкіндік бар.

Құжат қабылдау мерзімі: 22 шілде – 10 тамыз.

Шығармашылық емтихандар: 11–13 тамыз аралығында өтеді.

Құжат тапсыру үшін өзіңізбен бірге:
• жеке куәлік;
• аттестат және оның қосымшасы;
• ҰБТ сертификатын алып келуіңіз қажет.

Сондай-ақ шығармашылық емтиханға қажетті сурет салу құралдарын алдын ала дайындауды ұмытпаңыз.

Құжат қабылдау, шығармашылық емтихан немесе оқуға түсу тәртібі бойынша сұрақтарыңыз болса, біздің мамандар сіздерге толық кеңес беруге дайын.

Кәсіптік бағдар беру мамандары:
+7 (707) 737-43-74
+7 (700) 595-92-59

WhatsApp:
+7 (771) 031-02-10

Қабылдау комиссиясы:
+7 (775) 212-66-85
8 (7212) 56-44-22

Мекенжайымыз:
Қарағанды қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 56/1.

Арманыңыздағы сәулетші мамандығына алғашқы қадамыңызды бүгіннен бастаңыз! Saginov Technical University сіздерді күтеді!

 

Без рубрики