SAGINOV TECHNICAL UNIVERSITY ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕРДІ INTERNATIONAL STUDENTS WELCOME DAY ІС-ШАРАСЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАДЫ!


Іс-шара әртүрлі елдерден келген студенттерді біріктіріп, танысуға, ашық пікір алмасуға және мәдениетаралық тәжірибе бөлісуге мүмкіндік береді. Қатысушылар университетпен, оның білім беру мүмкіндіктерімен және студенттік өмірімен жақынырақ танысып, университет басшылығы мен құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерімен кездеседі, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, қажетті ақпаратқа ие болады.

International Students Welcome Day — өз еліңіздің мәдениеті мен дәстүрлерін таныстырып, әртүрлі елдерден келген студенттермен танысуға, жаңа достар табуға және өзіңізді үлкен халықаралық отбасының бір бөлігі ретінде сезінуге мүмкіндік беретін ерекше алаң.

Біз университетіміздегі мәдени сан алуандықты жоғары бағалаймыз және әрбір шетелдік студент үшін жайлы әрі ашық орта қалыптастыруға тырысамыз!

Күні: 07.10.2026
Уақыты: 15:00
Өтетін орны: Бас корпус, акт залы

Түрлі ел — бір университет — ортақ болашақ!

 

Без рубрики