Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2025–2026 оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы аяқтады. Олардың қатарында 215 мыңнан астам 11-сынып түлегі бар.
Бұл күні Қарағанды қаласында да, еліміздің өзге өңірлеріндегі секілді ерекше мерекелік көңіл-күй орнады. Бірі соңғы қоңырау салтанатын мектеп қабырғасында өткізсе, енді бірі бұл күнді есте қаларлық форматта ұйымдастыруды жөн көрді.
Солардың бірі – Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицейі. Білім ордасының басшылығы соңғы қоңырау мерекесін Оқушылар сарайында ұйымдастырып, түлектер үшін әсерлі әрі жарқын кеш сыйлады. Мерекелік жиында түлектерді Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор, э.ғ.д., профессор Сауле Саветовна Сагинтаева құттықтап, талапкерлерге сәттілік пен жарқын болашақ тіледі.
Соңғы қоңырау шараларына Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы мен Маркетинг және PR департаментінің өкілдері қатысып, Қарағанды қаласының бірқатар мектептерінде түлектерге ізгі лебіздерін білдірді. Атап айтқанда:
– Басқарма Төрағасы – Ректор, э.ғ.д., профессор Сәуле Саветовна Сагинтаева – Н.Нұрмақов атындағы мектеп-лицейінде болды;
– Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Бекболат Ракишевич Нүсіпбеков – «Дарын» мектебінде болды;
– Әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Абай Қобландыұлы Қалықов – №1 мектепте болды;
– Цифрландыру жөніндегі проректор Азамат Жанболатұлы Амиров – №3 мектепте болды;
– Стратегия және интернационалдандыру жөніндегі проректор Тимур Ерболатұлы Қанапиянов – «Мұрагер» мектебінде болды;
– Ректор аппаратының жетекшісі Аристотель Зейноллинұлы Исагулов – №52 мектепте болды;
– Тау-кен факультетінің деканы Нұрбек Жолмағамбетов Рыспекұлы – Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейде болды;
– «Өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология» кафедрасының меңгерушісі Нұрмұхамбет Алмағамбетұлы Медеубаев – №10 мектепте болды;
– «Дене тәрбиесі» кафедрасының меңгерушісі Рүстем Даниярқожаұлы Оқашев – №19 мектепте болды;
– «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» кафедрасының оқытушысы Александр Викторович Садчиков – №63 мектепте болды;
– «Орыс тілі және мәдениеті» кафедрасының оқытушысы Ләйлә Кубашқызы Қасенова – Қазбек Нұржанов атындағы гимназияда болды.
Университет өкілдері мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тілеп, алдағы ҰБТ-да сәттілік пен мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдауға тілек білдірді. Сонымен қатар, техникалық білімнің маңыздылығы айтылып, жастарды еліміздің индустриялық дамуына үлес қосатын білікті маман болуға шақырды. Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті барлық мектеп түлектерін үлкен өмір жолындағы қадамдарымен құттықтайды.














