SAGINOV TECHNICAL UNIVERSITY ПРОФЕССОРЫ ТАШКЕНТТЕ ҒЫЛЫМИ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ


Saginov Technical University-дің «Металлургия және жаңа материалдар» кафедрасының профессоры, PhD Руслан Сұлтанғазиев Ислам Каримов атындағы Ташкент мемлекеттік техникалық университетіне жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында металлургия, материалтану және металлургиялық шикізатты өңдеу салаларындағы ғылыми ынтымақтастықты дамыту, бірлескен зерттеулер жүргізу, ғылыми жарияланымдар әзірлеу және тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар профессор «Металлургиялық процестердің термодинамикасы мен кинетикасы» тақырыбында дәріс оқып, ферроқорытпалардың өндірістегі рөлі мен легірлеуші элементтердің металл қасиеттеріне әсері туралы баяндады.

Кездесу қорытындысында тараптар алдағы ғылыми ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындады.

Без рубрики