16 мамырда Saginov Technical University-ге QS Орта Азия және Шығыс Еуропа бойынша директоры Сергей Кристолюбов келді.
Қонақты қарсы алған Басқарма мүшесі – Стратегиялық даму және цифрландыру жөніндегі проректор Тимур Қанапьянов Басқарма төрағасы – Ректор Сауле Сагинтаеваның атынан оған QS халықаралық рейтингіне байланысты туындаған сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік беретін сапары үшін алғысын білдірді. Біздің университет оған 2015 жылдан бері қатысып келе жатқанын айта келе, ол халықаралық рейтинг нәтижелері өзінің күшті және әлсіз жақтарын анықтауға, осы рейтингтегі өз позицияларын жақсарту үшін тиісті шаралар қабылдауға мүмкіндік беретін негізгі стратегиялық көрсеткіштердің біріне жатқызылуы мүмкін екенін атап өтті.
Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-да осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар және белгіленген мақсаттар туралы Басқарма мүшесі – Әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Абай Қалықов қонақты хабардар етті.
Өз кезегінде университетіміздің қабырғасында төртінші рет болған Сергей Христолюбов үнемі жылы қабылдағаны үшін алғысын білдіріп, халықаралық рейтинг жүргізу әдістемесіндегі соңғы өзгерістер, нәтижелердің жақсаруына немесе нашарлауына әсер ететін сапалық және сандық индикаторлар туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Дәл осы өзгерістер QS халықаралық рейтингіне қатысатын көптеген университеттердің (соның ішінде біздің университеттің) сырт көзбен қарағанда біршама таңқаларлық түрде өз позицияларын ұстамауына байланысты. Бұл бұрынғы көрсеткіштермен салыстырғанда көптеген көрсеткіштер бойынша алдыңғы жақсы нәтижелерге қол жеткізілгеніне қарамастан орын алды.
Бірақ тұтастай алғанда, Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ бойынша бірқатар индикаторлар бойынша жақсы динамика байқалады.
Орта Азиядағы жоғары оқу орындарымен салыстырғанда біздің жоғары оқу орнымыздың жағдайы да осындай.
Алайда кездесу барысында жетістіктерге емес, қол жеткізілген нәтижелерді жақсарту бойынша резервтерге ерекше назар аударылды. Ал олар, атап өткендей, бар. Мұны Сергей Христолюбовтың сөзіне сүйеу болған диаграммалар мен графиктер нақты көрсетті. Сонымен бірге ол бұның қалай және неге болып жатқанын, QS халықаралық рейтингінде 600-650+ орынға көтерілу үшін өршіл мақсаттар қойған университетке тағы немен жұмыс істеу керектігін түсіндірді.
Кездесудің арқасында, оған қатысқан университет декандары мен кафедра меңгерушілері мойындағандай, олар өздерін толғандыратын көптеген сұрақтарға жауап алды. Олар қонаққа мазмұнды және пайдалы әңгіме үшін шын жүректен ризашылықтарын білдірді.