Saginov Technical University Ұлытау облысы мен Балқаш қаласында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді


11–15 мамыр аралығында Saginov Technical University-дің Маркетинг және кәсіптік бағдар беру жұмысы бөлімі, қабылдау комиссиясы және профессор-оқытушылар құрамы Ұлытау облысының Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Жаңаарқа ауданында, сондай-ақ Балқаш қаласында кәсіптік бағдар беру кездесулерін өткізді.

Іс-шаралардың негізгі мақсаты – талапкерлерге жоғары білім алу мүмкіндіктері туралы ақпарат беру, техникалық мамандықтардың артықшылықтарын таныстыру және болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағыт-бағдар көрсету болды.

Кездесулер барысында мектеп және колледж түлектеріне университеттің білім беру бағдарламалары, 2026 жылға бөлінетін мемлекеттік гранттар, ҰБТ бойынша шекті баллдар, студенттерге көрсетілетін әлеуметтік қолдау, жатақхана мүмкіндіктері және университет инфрақұрылымы туралы жан-жақты мәлімет берілді.

Сонымен қатар, іссапар аясында Ұлытау облысы мен Балқаш қаласының білім басқармаларымен кездесулер ұйымдастырылып, өңірдегі білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықты нығайту және кәсіптік бағдар беру бағытындағы бірлескен жобаларды дамыту мәселелері талқыланды.

Кездесулерге:

– Маркетинг және кәсіптік бағдар беру жұмысы бөлімінің жетекшісі Жанболат Ибрайбеков;

– Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Нұрбол Маликов;

– «Көлік, логистика және инженерлік экономика факультеті» деканының орынбасары Альмира Оракбаева;

– «Көлік техникасы және логистикалық жүйелер» кафедрасының меңгерушісі Нурсултан Жаркенов;

– «Металлургия және жаңа материалдар» кафедрасының инженері Еркебұлан Нартбай қатысып, талапкерлердің сұрақтарына жауап беріп, техникалық бағыттағы мамандықтардың болашағы туралы кеңінен ақпарат ұсынды.

Кәсіптік бағдар беру кездесулері аясында 1000-ға жуық мектеп және колледж түлегі қамтылып, қатысушылар техникалық мамандықтар мен университеттің білім беру мүмкіндіктеріне ерекше қызығушылық танытты.

Қазіргі уақытта Saginov Technical University-дің кәсіптік бағдар беру жұмыстары Қазақстан өңірлерінде және халықаралық деңгейде жалғасуда.

Без рубрики