Saginov Technical University командасы халықаралық хакатонда университетімізді абыроймен таныстырды


Saginov Technical University студенттері Ташкент қаласындағы (Өзбекстан) Central Asian University базасында өткен Arch Summit ’26 аясындағы Re:Field Hackathon халықаралық хакатонына қатысты.

Іс-шараға Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан келген менторлардың жетекшілігімен 16 команда қатысты.

Re:Field Hackathon — қалалық ортадағы бұрынғы өндірістік (браунфилд) аумақтардың болашағын қайта ойлауға бағытталған университеттік командаларға арналған бірлескен дизайн бастамасы.

Хакатон 8 сағатқа созылды. Қатысушылар қала құрылысы қағидаттарына сәйкес бұрынғы өндірістік аймақтарды реновациялау бойынша жобалық ұсыныстарын ұсынды.

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің командасы құрамында:

  • Арх-21-3 тобының студенттері Александр Бидюк, Эрик Дяченко, Амир Касен;
  • Арх-22-4 тобының студенттері Алина Бақтыбаева, Ақерке Жұмақәрім;
  • Арх-24-4 тобының студенті Роман Ременников.

Команда менторы — «Сәулет және дизайн» кафедрасының аға оқытушысы, ҚР СА мүшесі Оксана Вавилова.

Жобаның негізгі идеясы — Ташкент қаласының сәулеттік мұрасын сақтай отырып, Өзбекстанның ұлттық қолөнер дәстүрлерін заманауи қалалық кеңістікпен үйлестіру болды.

Команданың жобасын ағылшын тілінде Ақерке Жұмақәрім таныстырды.

Хакатонның екінші кезеңінде қатысушылар арасында «Архитектура» тақырыбы бойынша викториналық ойын ұйымдастырылды.

Екі кезеңнің қорытындысы бойынша Saginov Technical University командасы жүлделі 3-орынға ие болды. Марапаттауды әлемге әйгілі дат сәулетшісі Bjarke Ingels табыстады.

Команданы жүлделі орынмен құттықтаймыз! Олар Орталық Азия деңгейінде Қарағандының сәулет мектебі мен Saginov Technical University абыройын лайықты түрде таныстырды.

Без рубрики