13 мамырда Қазанда «Ресей — Ислам әлемі: KazanForum» XVI Халықаралық экономикалық форумы басталды. Форумды ұйымдастырушылар басты мақсат ретінде Ресейдің Ислам әлемі елдерімен ынтымақтастығы туралы диалогты белгіледі.
13-18 мамыр аралығында өткен іс-шараға әлемнің 100-ден астам елінің өкілдері – саясаткерлер, кәсіпкерлер, қаржы, жастар және әйелдер ұйымдарының делегаттары қатысты.
Форум алаңында Қазақстан және Малайзия, Иран елдерінен келгендермен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Басқа да қызықты іс-шаралар өткізілді.
Форум қонақтарының арасында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Басқарма мүшесі – Ғылым және инновациялар жөніндегі проекторы Али Джаванширович — қазақстандық жоғары оқу орындары арасынан жалғыз өкіл болып қатысқанын атап өту қуантарлық жайт.
Форумда және оған ілеспе іс-шараларда – қатысушылардың сөз сөйлеуі, Татарстанның сәулет мұрасының ескерткіштерімен танысуы ерекше ұмытылмас әсер қалдырды.
Татарстандағы форум кезінде Али Джаванширович қазан энергетикалық университетінде болды, Қазан сәулет-құрылыс университетімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюға қатысты.