2026 жылғы 19 қарашада Астана қаласында жоғары оқу орындарының басшыларын, мемлекеттік органдар өкілдерін және халықаралық білім беру саласының сарапшыларын біріктірген «QS Eurasia Forum 2026» халықаралық форумы өтті.
Форум барысында білім беру сапасын арттыру, халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамыту, түлектердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін күшейту және жасанды интеллектінің білім мен ғылымға ықпалы мәселелері талқыланды.
Іс-шара аясында QS World University Rankings 2027 жаһандық рейтингінің қорытындысы бойынша жоғары оқу орындарын салтанатты марапаттау рәсімі ұйымдастырылды. Марапатталған университеттер қатарында әлемдік рейтингте 1001–1200 орындар аралығына еніп, Қазақстанның 18 жоғары оқу орны арасында 9-орынға ие болған Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті де бар.
Мәртебелі марапатты әлемдегі беделді университет рейтингтерінің бірін әзірлейтін британдық QS (Quacquarelli Symonds) компаниясының негізін қалаушы, президенті және Директорлар кеңесінің төрағасы Нунцио Квакварелли (Nunzio Quacquarelli) табыстады. Университет атынан марапатты Басқарма мүшесі – Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Қанапиянов Тимур Ерболатұлы қабылдады.
Бұл халықаралық мойындау Saginov Technical University-дің әлемдік академиялық кеңістіктегі беделін және инженерлік білім беру, ғылым мен халықаралық ынтымақтастықты дамыту бағытындағы жүйелі жұмысының нәтижесін айқындайды.