Saginov Technical University мемлекеттік білім беру гранттары ең көп бөлінген еліміздегі ТОП-20 жоғары оқу орнының қатарына енді. Бұл – университеттің техникалық және инженерлік бағыттар бойынша сапалы білім беретін жетекші жоғары оқу орындарының бірі екенін айқындайтын маңызды көрсеткіш.
Сонымен қатар, мемлекеттік білім беру гранты иегерлерінің таңдауы бойынша университет бакалавриат деңгейінде ТОП-16 жоғары оқу орнының қатарынан орын алды.
Saginov Technical University көрсеткен нәтижелер:
Бакалавриат — ТОП-16
Магистратура — ТОП-15
PhD докторантура — ТОП-20
Бұл нәтижелер университетке талапкерлер мен білім алушылар тарапынан сұраныстың жоғары екенін көрсетеді. Әсіресе қазіргі еңбек нарығында аса қажет техникалық, инженерлік және өндірістік бағыттарға деген қызығушылықтың артып келе жатқаны байқалады.
Saginov Technical University бүгінде заманауи өндіріс пен экономиканың дамуына қажетті білікті мамандар даярлауға басымдық беріп келеді. Университетте білім беру бағдарламалары еңбек нарығының талаптарына сәйкес тұрақты түрде жаңартылып, заманауи технологиялар мен өндірістік тәжірибеге бағытталған оқу үдерісі қалыптастырылуда.
⁃ Ғылым мен өндірістің байланысын нығайту,
⁃ инженерлік кадрларды даярлау,
⁃ заманауи технологияларды білім беру үдерісіне енгізу,
⁃ білім сапасын арттыру,
⁃ жұмыс берушілермен және индустриялық серіктестермен ынтымақтастықты дамыту – университет жұмысының негізгі бағыттарының бірі.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейіндегі көрсеткіштер де университеттің ғылыми және кәсіби кадрлар даярлау бағытындағы әлеуетін айқындайды. Магистратура бойынша ТОП-15, ал PhD докторантура бойынша ТОП-20 нәтижесі – университетте ғылыми-зерттеу жұмыстарына, жаңа білім қалыптастыруға және жоғары білікті мамандар даярлауға ерекше мән берілетінін көрсетеді.
ТОП-20, ТОП-16 және ТОП-15 көрсеткіштері – жай ғана рейтингтік нәтиже емес. Бұл – университет ұжымының білім сапасын арттыру, білім беру бағдарламаларын жетілдіру, ғылымды дамыту және еңбек нарығына қажетті мамандар даярлау бағытындағы жүйелі жұмысының нәтижесі.
Бүгінде Saginov Technical University – техникалық білім мен инженерлік кадрлар даярлау саласында талапкерлер таңдаған жоғары оқу орындарының бірі.
Saginov Technical University — сапалы техникалық білім, заманауи инженерлік құзырет және жарқын кәсіби болашаққа бастар жол!
