Saginov Technical University-ге Францияның Қазақстандағы елшілігінің өңірлік ынтымақтастық жөніндегі атташесі келді


Франция қайда, Қазақстан қайда? Бірақ бүгінгі таңда интернеттің дамуымен және Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа интеграциялануымен, баяғы замандағыдай, ара қашықтық кедергі емес. Сондықтан Қазақстаннан алыс қашықтағы елдермен халықаралық байланыстар мен ынтымақтастық ешкімді таң қалдырмайды. Ниет болса болғаны.

1 сәуірде Қарағандыда Францияның Қазақстандағы елшілігінің аймақтық ынтымақтастық жөніндегі атташесі Ксавье Ле Торивеллек болды. Ол біздің университетке сапармен келді, ол Қазақстанның жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бірі екенін естідім, бірақ жақынырақ танысуға әлі мүмкіндік болған жоқ деді. Осындай мүмкіндік пайда болған соң, ЖОО басшылығының шақыруына ықылас білдірген.

Басқарма Төрағасы – Ректор Сауле Сагинтаева бастаған Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ өкілдері оған 2023 жылы өзінің 70 жылдық мерейтойын атап өткен ЖОО-ның құрылу тарихы, тәжірибелі профессор-оқытушылар құрамы, әлемдік және республикалық рейтингтердегі көрсеткіштерін жылдан жылға жақсартып келе жатқан университеттің жетістіктері туралы айтып берді.

Өз кезегінде Ксавье Ле Торривеллек кадрларды даярлау және халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша ЖОО-ның жүргізіп жатқан жұмысына көңілі толып, университетке шақырғаны үшін ризашылығын білдірді. Француз университеттерімен де серіктестік орнатуға жан-жақты қолдау көрсетуге уәде берді.

Тәжірибе алмасуға келетін болсақ, Франция Елшілігі Француз профессорларының дәрістер өткізуге уақытша сапарларына қажетті шығындарды өз мойнына алуға дайын. Сондай-ақ, Қазақстаннан келген магистранттар мен докторанттар үшін жақсы стипендиялар қарастырылған. Әрине, француз тілін білу шексіз перспективаларды ашады, бірақ көптеген мамандықтар үшін ағылшын тілін білу жеткілікті.

Сапар уақытының шектелуіне байланысты, біздің университеттің бар байлығын көрсету мүмкін болмады. Бірақ Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың негізінде құрылған Қазақстандық дәнекерлеу институтына ерекше назар аударылды. Бұл жобаға «TOTAL E&P Kazakhstan» француз компаниясы бастамашылық етті және Қазақстан мен Франция мемлекеттерінің сол кездегі басшыларының қолдауымен сәтті іске асырылды және бүгінгі таңда біздің Институт Халықаралық Дәнекерлеу Институтының толыққанды мүшесі болып табылады.

Қазіргі уақытта біздің университет базасындағы Қазақстандық дәнекерлеу институты дәнекерлеу өндірісінің мамандарын даярлау жөніндегі заманауи оқу-техникалық кешен болып табылады. Ол жеке ғимаратта орналасқан және АҚШ, Швеция, Финляндия және Италия өндірген ең жаңа дәнекерлеу жабдықтарымен жарақталған. Қажетті мультимедиялық жабдықтар мен оқу-әдістемелік материалдары бар, ал Дәнекерлеу институтының штаты дәнекерлеу өндірісі саласында ғылыми-зерттеу және практикалық жұмыстарда үлкен тәжірибесі бар жоғары білікті мамандардан тұрады.

Францияның жоғары оқу орындары мен Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ арасындағы ынтымақтастықты дамытудағы жаңа қадамды көздейтін сапар соңында тараптар байланыстармен және естелік кәдесыйлармен алмасты.

Без рубрики