Saginov Technical University делегациясы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы университетінің конференциясына қатысты


Делегация құрамында Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ Басқарма Төрағасы – ректор Сауле Сагинтаева, Басқарма мүшесі – Әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Абай Қалықов және Конфуций Институтының директоры Татьяна Филиппова бар Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) университетінің конференциясына қатысуда. Ол 11-14 мамыр аралығында Үрімші қаласында (ҚХР) өтеді.

Конференцияның ашылу салтанатының алдында форумның көптеген қатысушыларын таң қалдырған ШЫҰУ цифрлық білім беру нәтижелерінің көрмесі өтті.

ШЫҰУ конференциясы жаңа стратегиялық серіктестіктер құру үшін жемісті диалог алаңы болып табылады. Біздің делегация оған белсенді қатысты. Форум аясында сөз сөйлеген Сауле Сагинтаева «Білім мен өндірістің интеграциясы: инженерлік білім берудегі тәсілдер. Saginov Technical University тәжірибесі» тақырыбында баяндама жасап, өзі басқаратын университеттегі инженерлік білім беру саласындағы инновациялық тәсілдермен бөлісті.

Біздің университеттің қызметі конференцияға қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Соның арқасында өзара тиімді байланыстар пайда болды. Форум барысында Шыңжаң университеті, Шихецзы университеті, Сиань университеті, МЭИ, Ресейдің Тұңғыш Президенті Б.Н. Ельцин атындағы ОрФУ, Беларусь ұлттық техникалық университеті, Тынық мұхиты мемлекеттік университеті, Янка Купала атындағы Гродно мемлекеттік университеті, Қырғызстан Халықаралық университеті және т б. өкілдерімен жемісті кездесулер өтті.

Конференция аясында оның қатысушылары Study In Kazakhstan көрмесімен танысуға мүмкіндік алды, онда шетелдік студенттерге де арналған Saginov Technical University (STU) білім беру бағдарламалары ұсынылған.

Біз Saginov Technical University-нің өңірдің жетекші техникалық жоғары оқу орындарының қатарында Қазақстанның атынан қатысуын мақтан етеміз.

Без рубрики