SAGINOV TECHNICAL UNIVERSITY-ДЕ АҚЖАН ӘЛ-МАШАНИДІҢ 120 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ОЛИМПИАДА ӨТТІ


13 қарашада Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Тау-кен факультетінде көрнекті қазақстандық ғалым, геолог және тау-кен инженері Ақжан Жақсыбекұлы әл-Машанидің туғанына 120 жыл толуынаарналған студенттік геологиялық олимпиада өтті. Білімсайысын «Пайдалы қазбалар кен орындарының геологиясыжәне барлауы» кафедрасы ұйымдастырды.
Ғалымның өнегелі өмірі мен бай ғылыми мұрасын жасұрпаққа танытуды мақсат еткен олимпиада студенттердің кәсіби білімін саралап, геология саласындағы теориялық дайындығы мен практикалық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік берді.
Білім додасына «Пайдалы қазбалар кен орындарының геологиясы және барлауы» және «Геофизикалық технологиялар және инжиниринг» білім беру бағдарламаларының 1-4 курс студенттерінен құралған 11 команда, барлығы 53 студент қатысты.
Салтанатты ашылу рәсімінде Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор Б.Р. Нусупбеков, Басқарма мүшесі – стратегиялық даму жөніндегі проректор Т.Е. Қанапиянов, Тау-кен факультетінің деканы Н.Р. Жолмағамбетов, кафедра меңгерушісі Ф.М. Исатаева, «Орталыққазжерқойнауы» Орталық Қазақстан өңіраралық геология департаментінің басшысы Н.У. Маукулов және ғалымның туысы А. Ақынов қатысты. Қонақтар жас геологтарға ізгі тілектерін білдіріп, ғылым мен өндіріс үшін білікті мамандар даярлаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ қатысушылар назарынаАқжан әл-Машанидің өмірі мен ғылыми қызметіне арналған бейнеролик ұсынылды.
Олимпиада үш бағыт бойынша өрбіді. «Геологиялық қима» кезеңінде студенттер геологиялық қима құрастыру бойыншабілімдерін көрсетсе, «Минералогия» бөлімінде минералдармен тау жыныстарын диагностикалық белгілеріне қарай анықтады. Ал «Геофизика» кезеңінде кәсіби білімдерінпрактикалық тапсырмалар арқылы сынады. Әр кезеңде командалар 50 балға дейін жинап, өзара білім мен біліктіліктұрғысынан сынға түсті. Сайыс бағдарламасы танымдық ойындар мен викториналар арқылы да толықтырылды.
Іс-шараның өтуіне кафедраның стратегиялық серіктестері — «Азимут Геология» ЖШС, «Центргеолсъемка» ЖШС, «Қарағанды институты изысканий» ЖШС және I-GEO Kazakhstan компаниялары қолдау көрсетті. Сонымен қатар Тау-кен корпусының Global Coffee кофехана бұрышы демеушілік жасады.
Олимпиаданың жалпы ұйымдастырылуын кафедра меңгерушісі Ф.М. Исатаева үйлестірді. Қазылар алқасының құрамында М.В. Пономарева, А.Д. Маусымбаева, Р.К. Мадишева, Е.С. Ли және И.В. Байдаулетова болды. Іс-шараны дайындау мен өткізуге кафедраның докторанттары, магистранттары мен студенттері де белсенді атсалысып, ортақ іске өз үлестерін қосты.
Білім додасының қорытындысы бойынша үздік командаларанықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды. Бірінші орын иегеріне 50 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық, кубок пен диплом табысталды. Екінші орын алған екі команда 20 000 теңгеден ақшалай сыйлық пен дипломға ие болды. Үшінші орын иегерлеріне Global Coffee кофеханабұрышынан сусын алуға арналған сертификаттар берілді. Ал олимпиаданың барлық қатысушылары сертификаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Ақжан әл-Машанидің 120 жылдығына арналған бұл олимпиада – ғылыми мұраны ұлықтау мен жас ұрпақтың кәсіби әлеуетін арттыруды ұштастырған тағылымды шара. Осындай бастамалар студенттердің ғылымға деген ынтасынарттырып қана қоймай, жоғары оқу орны мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға, геология саласының болашақ мамандарын қалыптастыруға жол ашады.
Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға белсенділіктері мен білімге деген құштарлықтары үшін алғыс білдіреміз. Алдағы уақытта да толағай табыстарға жетіп, отандық геология ғылымының дамуына үлес қоса берулеріне тілектеспіз!

Без рубрики