SAGINOV TECHNICAL UNIVERSITY-ДЕ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеттің ғылыми әлеуетін дамыту және инновациялық зерттеулерді қолдау мақсатында «SAGINOV’S JAS ZERTTEÝSHILERI» ғылыми жобалар конкурсын жариялайды

Конкурс университеттің жас зерттеушілеріне өздерінің ғылыми идеяларын жүзеге асыруға, перспективалы жобаларын дамытуға және ғылымға үлес қосуға мүмкіндік береді.

2026 жылы конкурс аясында әрқайсысы 700 000 теңгеден болатын 5 грант бөлу қарастырылған. Қаржыландыру ғылыми маңызы бар және іске асыруға перспективалы жобаларды қолдауға бағытталады.

Конкурсқа кімдер қатыса алады?

Конкурсқа Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің 35 жасқа дейінгі (қоса алғанда) штаттық оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері қатыса алады.

Өтінімдер 2026 жылғы 16–30 қазан аралығында қабылданады. Құжаттарды қағаз түрінде Инновациялар және ғылыми-техникалық бағдарламалар бөліміне (бас корпус, 220-кабинет) тапсыруға, сондай-ақ электрондық форматта INTP.department@ktu.edu.kz электрондық поштасына жіберуге болады.

Конкурс қорытындысын 2026 жылғы 20 қарашаға дейін шығару жоспарланған.

Конкурс талаптары мен өтінім беру тәртібі туралы толық ақпаратты Инновациялар және ғылыми-техникалық бағдарламалар бөлімінен алуға болады.

Байланыс ақпараты:

Телефон: 56-68-22 (ішкі нөмірі 22-26)

Электрондық пошта: INTP.department@ktu.edu.kz

Жас ғалымдарды ғылыми бастамаларын жүзеге асыруға және конкурсқа қатысуға шақырамыз!

Без рубрики