Saginov Technical University-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті
Бүгін, 7 қыркүйек антикоррупциялық комплаенс-қызметінің ұйымдастыруымен университеттегі сыбайлас жемқорлық көріністерін, оған ықпал ететін факторларды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру шараларын мониторингтеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.
Отырыс барысында қатысушылар 2026–2027 оқу жылына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарымен және жұмыс тобының құрамымен танысты. Негізгі назар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және оларды барынша азайту тетіктерін нақтылауға, сондай-ақ университет құрылымдық бөлімшелеріндегі ішкі бақылау жүйесін жетілдіруге аударылды.
Университет аппаратының басшысы, сыбайлас жемқорлық мониторингін жүргізу жөніндегі комиссия төрағасы Аристотель Исагулов алдағы оқу жылына арналған басым міндеттерді атап өтті. Атап айтқанда, іс-шаралар жоспарының жүйелі орындалуын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы рәсімдерді қолданыстағы талаптарға сәйкес жедел жаңартып отыру қажеттігіне назар аударды.
Сонымен қатар отырысқа қатысушылар Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына енгізілген жаңа өзгерістермен танысты. Жаңа нормаларды университеттің қолданыстағы ішкі нормативтік құжаттарына енгізу бойынша тиісті қадамдар айқындалды.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері университет басшылығының тұрақты бақылауында.




