Saginov Technical University-де «STU Awards — 2025» үздік студенттері мен кураторларын марапаттады


Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-да оқу жылының қорытындысы шығарылды. Үздік студенттер мен кураторлар құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Студенттік өмір осындай белсенділердің және көптеген қызықты, әрі тартымды істердің бастамашылары арқасында ең жақсы кезең ретінде көпшіліктің жадында қалады.

Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ студенттерінің жұмыс күндері мен мерекелері туралы қысқаша бейнеролик олардың қалай оқитынын, қызықты әрі пайдалы әрекетке толы бос уақытын өткізетіндерін көрнекті түрде көрсетті. Олар оқумен және қайырымдылықпен, аумақты тазалаумен және өнерпаздықпен айналысуға бірдей талпыныс жасайды …

Кезекті оқу жылының сәтті аяқталуымен барлығын құттықтаған Басқарма төрағасы – Ректор Сауле Сагинтаева бүгін біз университетіміздің бетке ұстар мақтанышы болып табылатын топтардың үздік студенттері мен кураторларын құттықтайтынымызды атап өтті.

— Өздеріңіздің еңбекқорлықтарыңызбен, білім беру, ғылыми және оқудан тыс қызметтегі жетістіктеріңізбен, белсенді өмірлік ұстанымдарыңызбен, — деді ол, – сіздер елдің жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бірінің даңқын асырасыздар.

Сауле Саветовна ерекше көзге түскен студенттердің бірінші тобына құрмет грамоталарын тапсыра бастады. Олардың қатарында: Эльдана Нұржігітова (СИБ-21-3), Аружан Өмірсерікова (СИБ-21-3), Алмат Боранбай (АиУ-22-1), Аяжан Тілектес (СИБ-21-4), Алтынай Жақия (ЦАФ-21-2), Еркебұлан Нартбай (МЕТ-21-1), Карина Галиуллина (ЦАФ-21-3), Анель Каркешова (СТ-21-1), Әсемай Мұратова, Ажар Ақылбекова (ГД-21-1), Қарақат Оспанова (Э-21-1), Камилла Дәулетова (АиУ-21-3), Абылай Төлеубаев (ТЭ-21-1), Арман Оспан (ЭЭ-21-2), Екатерина Садуова (ЭЭ-21-5).

Университеттің жаңа логотипінің авторы, әріптесіміз, маркетинг департаментінің қызметкері және пиар Болат Ахмедия құрмет грамотасына ие болғанын атап өткен жөн.

Одан кейін «Үздік куратор», «Үздік студент», «Факультеттің үздік жастар орталығы», «Жатақхананың үздік қабаты» номинацияларында жалпы сомасы 1 млн. 575 мың теңгеге ақшалай сертификаттар табысталды.

«Үздік куратор» номинациясы бойынша 1-орынды — Перизат Байғожина; 2-орынды — Айнұр Кишенова; 3-орынды Ардақ Достаева иеленді.

«Жылдың үздік студенті» номинациясында 1-орынды — Еркежан Бопежанова (Н-22-2); 2-орынды — Еркебұлан Нартбай (МЕТ-21-1); 3-орынды Самат Асенбаев иеленді.

«Факультеттің үздік жастар орталығы» номинациясы бойынша 1-орынды — Сәулет-құрылыс факультеті; 2-орынды – Инновациялық технологиялар факультеті; 3-орынды Энергетика, автоматика және телекоммуникация факультеті иеленді.

«Жатақхананың үздік қабаты» номинациясы бойынша 1-орынды — «Студенттер үйінің» екінші қабаты; 2-орынды – №3 жатақхананың екінші қабаты; 3-орынды «Студенттер үйінің» төртінші қабаты иеленді.

Қала әкімінің «Жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуға қосқан үлесі, жастардың әлеуметтік белсенділігі мен мәдени білімі үшін, сондай-ақ қаламыздың жастары арасында еріктілер қозғалысын дамытуға қосқан үлесі үшін» алғыс хаттарын табыстауды жалғастырды.

Марапатталғандардың арасында – «Жас Орда» студенттік жастар ұйымының белсенділері Алмаз Сәулехан (ЭЭ-21-1), Анель Магадиева (Э-21-2); Арлан Артықбаев (ИТМ-21-2); Жұлдыз Асылхан (ГПР-21-2); Мерзат Гамзатұлы (ПСК-21-1) бар.

Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығы атынан алғыс хаттар: Гүлім Түсіповаға (ГПР-21-2); Мөлдір Рахымбековаға (ЭЭ-21-3); Әлихан Оразбаевқа (ЭЭ-21-1); Темірлан Жүнісовке (ЭЭ-21-3); Алдияр Қойшыбекке (С-22-2с) тапсырылады.

Жоғары спорттық жетістіктері үшін — Айбек Советке (ЭЭ-21-2); Игорь Охмакқа (ОП-21-2); Әлихан Мұратовқа (ЭЭ-21-1) Дулат Ыдырысовқа (С-21-2); Диана Мыртазайға (ТЭ-21-1); Виктория Козловаға (ЦТМ-21-1); Илья Грбачевқа (ТМО-21-2); Тимур Малибековке (ОП-21-2); Арман Сақабайға (ГД-21-1); Вадим Свечниковке (ИТМ-21-2); Әділ Мейрмановқа (МД-21-1); Жалғас Жақановқа (ВТ-21-1) табыс етілді.

Әдеттегідей, марапаттар арасында әуесқой әртістер көрермендерді әндермен, билермен және жалынды флешмобпен қуантты.

Тағы да барлығын марапаттармен құттықтаймыз! Барлықтарыңызға сәттілік пен барлық мақсаттарыңыздың жүзеге асуын тілейміз!

Без рубрики