Saginov Technical University-де шетелдік ғалымдардың жұмыс сапары өтті


12-16 сәуір аралығында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде Erasmus+ академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Польшадағы Познань технологиялық университетінен шақырылған ғалымдардың сапары өтті.

Мақсат – халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамыту, білім және ғылым саласындағы тәжірибе алмасу, сондай-ақ мамандарды даярлау сапасын арттыру.

Менеджмент және есептеу жүйелері институтының Инженерлік менеджмент факультетінің профессорлары – экономика ғылымдарының докторы Ханна Влодаркевич-Климек және техникалық ғылымдар бойынша PhD Иоанна Калковска университет қызметімен танысып, «Кәсіпорын экономикасы және менеджменті» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамымен бірге «Цифрландыру жағдайында білім беру бағдарламаларын жетілдіру», сондай-ақ олар Көлік, логистика және инженерлік экономика факультеті ұйымдастырған Ғылым күні аясындағы «Көліктегі және инженерлік экономикадағы ғылыми зерттеулер мен практикалық шешімдердің интеграциясы» атты дөңгелек үстел жұмысына қатысты. Бұған қоса олар сабақ өткізіп, онда стратегиялық талдау жүргізу, тұрақты даму мәселелері, ұйымның миссиясы мен мақсаттарын айқындау, сондай-ақ бизнес-стратегияларды әзірлеу сияқты өзекті тақырыптар қарастырылды.

Жұмыс сапарының қорытынды күні қонақтар университет басшылығымен кездесті. Басқарма төрағасы – ректор Сауле Сагинтаева шетелдік сарапшыларға бірлескен жұмыс үшін алғыс білдіріп, халықаралық ынтымақтастық білім беру сапасын арттырудың маңызды факторы екенін айрықша атап өтті.
Академиялық ұтқырлық бағдарламаларын іске асыру халықаралық тәжірибе алмасуға, білім сапасын арттыруға және студенттердің кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.

Без рубрики