Saginov Technical University-де «QazTehna» ЖШС үшін кадр даярлау мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде Мансап және жұмысқа орналастыру орталығының ұйымдастыруымен Металлургия және машина жасау факультетінің және бейінді кафедралардың басшылары мен Корпоративтік университет жетекшісі Айдос Айтбаевтың қатысуымен жұмыс кездесуі өтті. Кездесу Қазақстандағы автобус және коммерциялық техника өндіретін жетекші кәсіпорындардың бірі – «QazTehna» ЖШС үшін кадр даярлау мәселелеріне арналды.

Кездесу барысында әлеуетті жұмыс берушілерді қызықтыратын және кәсіпорын сұранысына ие мамандарды даярлауға қатысты бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, инженер-технологтар мен инженер-конструкторларды даярлау, осы бағыттар бойынша тиісті білім беру бағдарламаларын енгізу, студенттердің кәсіпорында өндірістік тәжірибеден өтуі жөніндегі келісімшарттарға қол қою, сондай-ақ өндіріс қажеттіліктеріне мамандар даярлайтын филиал ашу мәселелері қарастырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша нақты іс-қимыл жоспары белгіленіп, оны жүзеге асыру барысында кәсіпорын тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетіні айтылды.

Без рубрики