Ғылым күні қарсаңында ҚарТУ-да «Қоғамның трансформациясы: ғылымда, білім беруде және өндірісте ЖИ әсері» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараға академиялық қауымдастық өкілдері, жетекші мамандар, кәсіпорын басшылары және жобалау, құрылыс, өндіріс саласының сарапшылары қатысты.
Іс-шараны сәулет-құрылыс факультеті ұйымдастырды. Қатысушыларға ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Али Мехтиев пен аппарат басшысы, техника ғылымдарының докторы, профессор Аристотель Исагулов құттықтау сөз сөйледі. Олар тақырыптың өзектілігін атап өтіп, әсіресе өндіріс өкілдерінің қатысуының маңыздылығына тоқталды. Университет өндіріс үшін кадр даярлаудың негізгі көзі болып табылады, ал кәсіпорындармен өзара байланыс мамандар даярлау сапасына және ғылымның өндірістік мәселелерді шешудегі тиімділігіне әсер етеді.
«Құрылыс материалдары және технологиялары» кафедрасының меңгерушісі Еділ Иманов жасанды интеллекттің ғылым мен жоғары білім беру жүйесіне әсері, сондай-ақ оның мүмкіндіктері, тәуекелдері және жаңа оқыту модельдері туралы айтты. ЖИ еліміздің жетекші жоғары оқу орындарында қолдану тәжірибесі туралы шолу баяндаманы ф.ғ.к., «Орыс тілі және мәдениеті» кафедрасының профессордың ассистенті Тамара Кульпеисова жасады. Сәулет-құрылыс факультетінің деканы Данияр Токанов ЖИ технологияларын өндірістік кәсіпорындармен бірлесіп енгізу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Өндіріс саласының өкілдері де өз тәжірибелерімен бөлісті. «Саркан+» ЖШС учаске бастығы Сергей Кикнадзе, «Агродор» ЖШС директорының орынбасары Игорь Воронов және «Чжан Ц.И.» ЖК директоры Александр Чжан жасанды интеллектті қолдану тәжірибесі мен қазіргі заман мамандарына қойылатын талаптар туралы айтты. Кездесу соңында тиісті қарар қабылданып, бекітілді.







