Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Үздіксіз білім беру институты базасында «Күміс университет» жобасы аясында «Емдік фитнес» курсы қорытындыланды.
Курстың бағдарламасы қатысушыларға денсаулықты нығайтуға, физикалық дайындығын жақсартуға және жалпы өзін‑өзі жақсы сезінуге бағытталған негізгі жаттығуларды меңгеруге бағытталған.
Қатысушылардың айтуынша, бағдарлама қызықты ұйымдастырылған, ал жаттығулар қарапайым әрі тиімді болып, дене бітімін сақтауға және денсаулықты нығайтуға септігін тигізеді. Курсты Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Н. Алтынбеков жүргізді.



